«Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты этнографиялық кітаптың тұсаукесері өтеді

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Жағда Бабалықұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты 4 томдық этнографиялық кітаптың тұсаукесері өтеді. Туындыны таныстыру рәсімі 29 қараша күні, сағат 11:00-ге жоспарланған.

23632712_2039571092954015_426035502314768879_o

Жаһандану дендеген қазіргі таңда ұлттық құндылықтарға айырықша басымдықтар берілуде. Ұлттың ұлт болып сақталуы да ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің қаншалықты сақталуына байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық еңбегінде: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»,-деуі де сондықтан.

Осы тұрғыдан көрнекті этнограф Жағда Бабалықұлының 100 жылдығына арнап «Дәстүр» баспасы шығарып отырған «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты төрт томдық уақыт сұранысына жауап беретін энциклопедиялық деңгейдегі ауқымды еңбек. Ендеше бұл әлемдегі барша қазақтың тағдыр-талайынан, олардың қастерлі құндылықтарынан сыр шертер бірегей төрт томдық екендігін ауыз толтырып айтуға әбден болады.

Сыр-сұхбатқа негізделген төрт томдықтың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын, зерттеуші этнограф Қасымхан Бегманов.

Төрт томдықтың тұсаукесеріне көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер, дін, мәдениет һәм өнер қайраткерлері, этнограф-ғалымдар, ақын-жазушылар мен журналистер шақырылып отыр.

Айта кетейік, бұл жоба сегіз жылдан бері шығып келе жатқан республикалық ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының хат қоржынына келіп түскен мыңға жуық сұрақтарға жауап беру мақсатында қолға алынған.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*