Дөңгеленген дүние дүбірге толы

Жарылыстан зардап шеккендер.

ТҮРКИЯ. Хаккари провинциясы Шемдинли ауданындағы жандармерия күзет орны маңындағы миналанған көлікте болған жарылыстан кем дегенде 17 адам қаза тапты.

20120820143151_hak172_1886899

Осыған дейін Түркия қарулы күштерінің бас штабындағылар сегіз адамның қаза тауып, тағы бес әскеридің зардап шеккенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, «Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар осы жарылысты ұйымдастырды» деген күдіктің болғаны айтылды.

Шемдинлиде болған жарылыс салдарынан 17 адам қаза тапты, олардың тоғызы – әскерилер. Олардан басқа тағы 27 адам зардап шекті.

Алеппода тағы аласапыран

СИРИЯ. Ресей әскери-әуе күштері Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы шығысын бірнеше күндік үзілістен соң қайта бомбалай бастады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметіне қарағанда, Бустан әл-Каср және Фардос аудандарында шабуылдардан кем дегенде сегіз бейбіт тұрғын қаза болған. Қаланың бұл аудандарында кем дегенде 250 мың адам қоршауда қалған.

«Бұл – Сирия билігі Алеппоға әуе шабуылдарын бәсеңдететінін жариялағаннан бері Ресей әуе күштері жасап отырған ең ауқымды шабуыл» деп мәлімдеді құқық қорғау ұйымының басшысы Рами Абдель Рахман. Сирия армиясы Алеппоның шығысындағы аудандарды бомбалауды азайтатынын мәлімдеп, бейбіт тұрғындарды көтерілісшілерге қосылмауға шақырған.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, Сирия әскерінің Ресейдің көмегімен Алеппоға бақылау орнату операциясын бастағалы бері кем дегенде 290 адам құрбан болған және олардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар.

Абай Ақмұрзиев.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*