Әлеуметтік желіде арбауға түспеңіз!

leumettik zhelide arbau a t spe iz Құқық

ҚР Премьер-министрі кеңсесінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігіне докторанттар қауымдастығынан Еуропадағы алаяқтық деректер туралы ақпарат келіп түскенін хабарлаймыз.

Әлеуметтік желіде арбауға түспеңіз

Алаяқтар «LinkedIn» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға бәсекелі жалақы, тұрғын үй, көлікті қамтитын Ұлыбританиядағы жұмыс орны туралы, сондай-ақ Ұлыбританияға виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді. Сонымен бірге, алаяқтар компанияның шотына жоғарыда аталған құжаттарды дайындау үшін қажетті 1300-5000 фунт стерлинг көлеміндегі соманы аударуды сұрайды. Сенгіш қазақстандықтар талап етілетін соманы (кейде қарыз қаражат есебінен) төлегеннен кейін алаяқтар байланысқа шықпайды.

Осындай компаниялардың бірін қауымдастық тексеріп, оның британдық компания тізілімінде тіркелгенін, оның иесі испан азаматы екендігін және жарғылық капиталы тек 1000 фунт стерлинг екендігін анықтады. Яғни, аталған компания шетелдік қызметкерлерді жалдауға және оларға жоғары жалақы мен әлеуметтік қамсыздандыруды қамтамасыз етуге қабілетсіз болып табылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қалыптасқан жағдайды және қазақстандықтарға қатысты алаяқтық әрекеттердің күшеюіне алаңдайтынын мәлімдеп, мұндай әрекеттерді тоқтату үшін бірқатар алдын алу және түсіндіру шараларын қабылдауды қисынды деп санайды.

Облыстық Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз