Жолдау

Атыраудың шұңқырлы жолдары тақтайдай тегіс көшеге айналып жатыр

Жүргіншілер жолы да қатар салынып, пайдалануға берілуде. Осынау өзгеріске қала мен оның маңындағы елді мекендер тұрғындары ерекше қуанулы. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр облыс орталығында ұзындығы 200,9 шақырымды құрайтын 268 көшеге тас жол төселген. Қаланың шығыс бөлігіндегі Жұлдыз 1,2,3 ықшамауданында 5 мыңнан астам адам тұрады. Ақжар, Тасқала, Жаңаталап, тағы басқа елді мекендерде үй салып, қоныстанушылардың қатары да өсуде. Қалалық ...

Читать далее »

Цифрлы технология – болашаққа батыл қадам

Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр. Елбасымыз өзінің 2017 жылғы  Жолдауында,  озық отыз елдің қатарына ену жолында цифрлық ...

Читать далее »

«Атырау – Орал» тасжолы бұзылып, қайта жөнделмек

Өткен жылдың басты жаңалығының бірі – Атырау – Астрахан жолының қайта жаңғыртудан өтетіндігі. Елбасының Атырау облысына келген сапарында көтерілген мәселе жүзеге аса бастады. Құрылысшылар арнаулы техника, керек-жарағын әкеліп, дайындық жұмысын жүргізуде. «Атырау – Орал» жолының бұзылып, шаңы шығып жатқан тұсы да (50 шақырым) күрделі жөнделетіндігі белгілі болып отыр. Құрылыс жұмысына ерекше маңыз берілуде Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ...

Читать далее »

Мұғалім мәртебесі не болмақ?

Мемлекет басшысының 2018 жылы 5 қазандағы тапсырмасын орындау үшін Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейтін жұмысшы тобының құрамына алпыстан астам тәжірибелі мұғалімдер, ғалымдар, салалық кәсіподақ жетекшілері, заңгерлер кірді. Жұмысшы тобы аталған құжатты әзірлеу үшін алыс-жақын шет мемлекеттер тәжірибесі мен заңдарымен танысты. Заң жобасы «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» порталында, «Білімді ел – Образованная ...

Читать далее »

Жәрдемақы: кімге қанша тиесілі?

Еңбек, әлеуметтік қорғау  және көші-қон  комитеті Атырау облысы  бойынша  департаментінің  бөлім басшысы Құрманай Қалиеваның айтуынша, биылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 28 284 теңгеден 29 698 теңге болып өзгеруіне байланысты барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де өзгереді. Мүгедектігіне, жалпы аурулығына байланысты: 1 топ – 57 021 (54 306) теңге; 2 топ – 45 438 (43 275) теңге; 3 топ ...

Читать далее »

«Үш тілді білу – бұл жаһанданған әлемге жолдама»

Ата-бабамыздан жеткен «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім  іл» деген халық даналығы әлем елдерімен байланыс жасап отырған бүгінгі заманның саналы ұрпағына көп тілді меңгертумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауды да басты назарға қойып отыр. Осы орайда Қатира Дүтбаева атындағы  Атырау гуманитарлық  колледжінің филология бөлімінде өткен «Заманауи оқыту – көптілді білім берудің мүмкіндігі» атты облыстық семинарда қазақ, орыс, ағылшын тілдері пәні ...

Читать далее »