Жолдау

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ

- Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттердің қай-қайсысы да біздер үшін аса маңызды. Ал, олардың ойдағыдай орындалуына мүдделілік танытып, еліміздің жаһандық дағдарысты еңсеріп, ілгері қарай дамуына үлес қосу –баршамыздың борышымыз, - деді актив жиналысында алғашқы болып сөйлеген қала әкімі Нұрлыбек Ожаев. - Осы орайда, бұған дейін қабылданып, бірінші кезеңі аяқталып, екіншісіне қадам басқан үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының қиындықты жеңіп, тығырықтан шығуға мүмкіндік беретінін айтқанымыз жөн. Осылайша, 2010-2014 жылдары қаламызда жалпы құны 51,2 млрд.теңгені құрайтын 22 инновациялық жоба жүзеге асырылып отыр. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 714,2 млн. теңгеге бағаланған және бір жоба іске қосылмақшы. Мұның сыртында «Нұрлы жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында атқарылатын жұмыстар да аз емес.

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ ҚАДАМ

Елбасымыздың халыққа биылғы Жолдауының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деген тақырыбының өзі әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс кезеңінде нақты реформалардың жүзеге асырылуы негізінде дамуды қамтамасыз ету міндетін қойғанымен құнды. Оның үстіне, Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы сөзін «санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз.

Читать далее »

АЙҚЫН БЕС БАҒЫТ

Бүгінде әлемдік экономика қаржылық-экономикалық дағдарыс  жағдайларынан әлі шыға алмай отыр. Тіпті,  қайсыбір елдерде әртүрлі құлдыраулар анық байқалса, енді біреулерінде саяси мәселелер аса күрделі. Осындай себеп-салдардың  кесірінен әлемдік нарықтағы баға құлдырауда. Сондықтан, Елбасы мұндай күрмеуі көп қиындықтар мен кедергілері мол тығырықтан  тек қана мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған, ыдырамас бірлігі бар халықтар ғана өтетінін кешегі «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында қадап айтты.

Читать далее »

БІРІКСЕК ҚАНА ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢЕМІЗ

«...Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикасына бұған дейін болмаған бірқатар сыртқы факторлар әсер етуде. Жаһандық дағдарыстардың орын алуы бізге байланысты емес. Ондай жаһандық құбылыстан ешкім де сақтана алмайды. Еркін экономиканың даму жүйесі де осыған саяды»,-деп атап айтты Елбасы халыққа арнаған кезекті Жолдауында.

Читать далее »

АЙҚЫН ЖОЛДАН АЙНЫМАЙМЫЗ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында жаңа жаһандық экономикалық ахуалды тап басып айтты. Ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына себеп болған негізгі фактор – бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.

Читать далее »

БАРДЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК!

Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сынды құндылықтарды бойына әбден сіңірген дала еңбеккерлері, ауыл жұрты Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында қойылған міндеттерді  терең түсініп, бірауыздан қолдау білдіруде.

Читать далее »

ЕЛ ТАБЫСЫН ЕСЕЛЕЙ ТҮСУ – ЕНШІМІЗДЕ

Міне, Елбасының халыққа арнаған кезекті Жолдауын да мұқият тыңдадық. Оның дағдарысқа қарсы іс-шараларды ұтымды да, тиімді ұйымдастыруға бағытталған келелі міндеттерді жүктеуімен ерекшеленгендігін аңғардық.

Читать далее »

ӨЗГЕРІСТЕР – ӨМІР ТАЛАБЫ

Қоғам дамуы біртекті болмайтыны белгілі. Ол әлем елдерінің даму үрдістеріне, олардың бір-біріне қарым-қатынасының өзгеруіне, жалпы техника мен технология өсуіне байланысты болады. Сол себептен, ел экономикасының, әлеуметтік, саяси дамуының бағдарламалары да өзгеріп тұруы керек. Ал, бүгінгідей жаһанданудың және әр құрлықтағы мемлекеттердің бір-біріне деген көзқарасы сәт санап құбылып, экономикалық өсуі әр деңгейде өзгеруі және әлемдік дағдарыс жағдайы қоғамның экономикалық болмысына күн сайын өзгерістер, жаңалықтар, реформалар енгізіп тұруды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасымыздың 5 институционалдық реформасы мен «100 нақты қадамы» – қоғамымыздың бүгінгі жағдайын мейлінше сараптап, оның мүмкіндігін, күш-қуатын ескере жасалған елеулі реформалар.

Читать далее »

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ – БЕРІК СЕНІМ

Мәңгілік Ел идеясы – ұлтымыздың бірлігін сақтай отырып, болашаққа бірге жұмылуға жасалған қадам. Шүкір, ел бастаған ерен еріміздің арқасында бүгінгі күні мол мүмкіндіктерге қол жеткіздік. Қазақ елі әлемдік саясатқа өзіндік ықпал етіп, өзгелер санасатын, дүниежүзі таныған абыройлы елге айналды.

Читать далее »