Жолдау

БАЯНДЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІМІЗ

...Қазақ халқы кешегі Керей мен Жәнібек қазақ хандығының негізін құраған, Тәуке, Абылай елдің іргесін шайқалтпай, мемлекет ретінде нығайту жолында көп еңбек сіңірген, азаттық үшін жоңғар шапқыншыларымен қиян-кескі шайқасып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны...» басынан өткізді. Бұл Тәуелсіздік үшін күрестің алғашқы жолы еді.

Читать далее »

ҚОЙМА МЕН ЖЫЛЫЖАЙ КӨБЕЙЕДІ

бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік береді

Бас-аяғы сегіз жыл мерзімді қамтитын «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстардың санатында халық тұтынатын ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік тауарларының сапалы күйінде сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын алу жағы да қарастырылған.

Читать далее »

ҮМІТ ПЕН СЕНІМ ҚАБАТТАС

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін сайлау арқылы демократиялық үрдісті одан әрі жетілдіру туралы айтылған болатын.

 

Читать далее »

УАҚЫТ ТАЛАБЫНА САЙ ӨЗГЕРІС

 Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптас-қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы біздің Қайыршақты селолық округіне қарасты елді мекендердің тұрғындары арасында да болашаққа деген зор сенім мен жаңа көзқарас қалыптастырды. Жолдауды біз әлемдік қауымдастықтар мен саяси институттарды зерттеп-зерделей отырып, әлем халықтарының алдындағы жаһандану үрдісіне деген жаңа көзқарас орнатудағы стратегиялық озық ойлы идеяларға толы, болашақтың жоспары деп бағалаймыз.

Читать далее »

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ: Мақсат пен мүдде

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ
 МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

Саясат сахнасындағы соңғы жаңалық – ауыл әкімдерінің сайлауын өткізудегі басты мақсат мемлекеттік басқарудың ең оңтайлы, айқын және тиімді моделін қалыптастыру болып табылады. Яғни, ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындау - қоғамды одан әрі демократияландырудағы маңызды қадам ғана емес, жергілікті жерде басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермек.

Читать далее »

АСТАНА САПАРЫ ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА ЖОЛ АШТЫ

astanasaparuҚазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Сенат депутаты, экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегеновтің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18-20 маусымы аралығында ҚР Парламенті Сенатының, Орталық сайлау комиссиясының, министрліктердің, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басшыларымен Атырау облысындағы мәслихат хатшыларының, бір топ облыстық мәслихат депутаттарының және Атырау облысының, қаласының, Құрманғазы және Жылыой аудандарының мәслихат аппараты басшыларының қатысуымен кездесу өткізілді.

 

Читать далее »

АТЫРАУ – ДАМУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІНДЕ

Атырауда бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қатысуымен өткен облыстық актив жиналысында белгілі болды.
Өзге де тағайындаулар туралы мәлімдеген облыс әкімі ел Президентінің басты талаптарының бірі бүгінде инновациялық жобаларды нәтижелі жүзеге асыру екендігін атап айтты. «Бұдан басқа, өңірде тұрғын үй құрылысына қажетті материалдардың 90 пайызы сырттан әкелінеді. Осы кемшілікті түзету үшін құрылыс комбинаты салынуда» деген ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі екендігіне тоқталып, өткен жылдың тәжірибесін пайдалану керектігіне тоқталды.

Читать далее »

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛДІКТІҢ АРҚАУЫ

ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім саласындағы реформаға тұрақты көңіл бөліп келеді. Биылғы Жолдауында атап көрсетілгендей: «Біз техникалық және кәсіптік білім берудің рөлін жаңаша ұғынуымыз керек, болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми сипаты мол өндірісіне кадрлар ресурсын қалыптастыруымыз қажет» деген болатын. Елбасы тапсырмасына орай бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін техникалық және кәсіптік білім жүйесін түбегейлі өзгерту процесі басталып та кетті.
Үздіксіз алға даму үстіндегі бүгінгі қазақстандық қоғам талабы жұмысшы мамандығына көзқарастың түбегейлі өзгеруін туындатып отыр. Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана дамыта алады. Сондықтан, еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл үйлесімділік дуальды білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады.

Читать далее »