Жолдау

БІЛІМГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ БИІККЕ ШЫҒАРАДЫ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жастар саясаты орталығында облыс кураторлар кеңесінің мүшелері Елбасының биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Читать далее »

АЙҚЫН МАҚСАТ ЖОЛЫМЕН

Біздің еліміз аз уақыттың ішінде дамып, іргелі өзгерістеріне қол жеткізуде. Уақыт өте келе бүгінгі қол жеткен табыс ертеңге өлшем болмайтынына көзіміз жетті. Менің ойымша, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауы – әлемдік дамыған елдердің қатарына енудің басты стратегиялық жоспары.

Читать далее »

ЕНДІГІ БОЛАШАҚ – АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНДА

«Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз енді АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз» деген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұқараға Жолдауында энергетиканы дамыту мәселесіне айрықша тоқталған еді.

Читать далее »

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ!

Бірыңғай  ұлттық  денсаулық сақтау  жүйесі  қалай  іске  асуда? 

«Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі - медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты».

(Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Жолдауынан) 

«Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу - аурудың алдын алудың негізі».

(Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан)

Читать далее »

АУЫЛДЫ ӨРКЕНДЕТУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА

Мемлекет басшысы айрықша назар аударып, басымдық берген, бірінші кезекте шешімін табуға тиісті мәселелердің бірі – еліміздің агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру болып табылады.

Читать далее »

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ– АЛҒА БАСУЫМЫЗДЫҢ ЕҢ БАСТЫ БАҒДАРШАМЫ

Елбасы «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауында алдағы атқарылар ауқымды істерді анықтап берді. Ал, «Мәңгілік Ел» бастамасы бүкіл халықты биік мақсатқа жігерлендіріп, ел үшін ортақ мүддеге, ұлттық идеяға айналды. «Отыздыққа енудегі қадамдарды айқындайтын маңызды құжатта айтылған мәселелерді сапалы орындауда әрқайсысымыз аянбай еңбек етуіміз тиіс. Бұл – біздің, яғни, мемлекеттік органдардың парызы»,-деді Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов.
Тапсырма қатаң қадағаланады

Читать далее »

ҒЫЛЫМ ЕНДІ ӨНДІРІСКЕ БЕТ БҰРАДЫ

Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауында ғылымды дамыту, жаңа технологияларды өндірісте қолдану, сол арқылы өркениетті елдер көшіне ілесу турасында нақты айтылды. Сондықтан, Орталық Коммуникациялық Қызметінде өткен брифингте осы мәселе әңгіменің арқауына айналды. Кезекті қонақ – Қазақстанның Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының бірінші вице-президенті, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің ғылыми консультанты Нұралы Бектұрғанов.

Читать далее »

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

Ел мәңгілігі – сонау тарихымыздың бастауында тұрған Асан қайғыдан қалған мұрат. Сол ұлы мұраттың бүгінде ақиқатқа айналғандығын  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауынан тануымызға болады.

Жолдау – ел болашағының даму бағыты, өркендеу бағдарламасы. Ел алдында тұрған тарихи міндет – рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалық өсу жоспары десек, Елбасының «Қазақстан –  2050» стратегиясына мемлекеттік маңыз беру себебінің өзі де Қазақ елінің келешегін берекесіздіктен сақтандырып, табысты дәулетке иелік етуге нұсқау ниетінен туындайды.

Читать далее »

АЛУҒА БОЛАТЫН АСУ

Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингтің кезекті қонағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов болды.
Биылғы Жолдау төңірегінде ой қорытқан институт басшысы оның ерекшеліктеріне маңыз берді. «Алға қойған міндеттердің бірегейі ретінде Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ілігуін айтуға болады. Бұған қол жеткізуге бізде толық негіз бар. Атап айтқанда, еліміз түрлі салалардағы белестерді бағындырды. Халықаралық сахнада Қазақстан өзін ынтымақтастықтың ұйытқысы ретінде көрсетіп, ашық диалогқа дайын екенін байқатты. Сондықтан, осы жағдайдың барлығы дамыған 30 елдің қатарына қосылу секілді жаһандық міндетті орындауға мүмкіндік береді» деді Мақсат Мұқанов.

Читать далее »