Жолдау

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – БОЛАШАҚ БАСТАУЫ

«Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысы Атырау қалалық штабының ұйымдастыруымен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжінде «Мәңгілік Ел» идеясы - болашақ бастауы!» атты жоғары және арнаулы оқу орындары арасында интеллектуалдық ойыннан сайыс өтті. 

Читать далее »

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында өңірімізге республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев келіп, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында кездесті. Онымен бірге Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ бас директоры Махамбет Досмұхамбетов болды.

Читать далее »

ЖЕР ҚОЙНАУЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТИІС

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Жолдауын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында келген республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Тимур Тоқтабаев атыраулық жер пайдаланушылармен кездесті. Маңызды құжатта Елбасы тау-кен саласына тың бетбұрыс жасауға қатысты бірқатар тапсырма жүктеген еді. Департамент директорының әңгімесі осы бағытта өрбіді.

Читать далее »

КЕМЕЛ ДАМУДЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЫ

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих және философия ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев  Жылыой ауданына сапарында «Мұнайшы» мәдениет үйінде мұнайшылармен және осы сала ардагерлерімен кездесіп,  Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауын, одан туындайтын міндеттерді нақты мысалдармен дәлелді әрі жан-жақты саралады. Кездесу жиынын аудан әкімі Мақсым Ізбасов ашып, жүргізіп отырды.

Кәсібіңді тап та – нәсібіңді тат!

Читать далее »

ЕҢБЕКПЕН ЕЛ КӨРКЕЙЕДІ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры Н.Қалдыбатыр бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топтың  Индер ауданына сапары Есбол ауылынан басталып, Елтай мен Индербор кентінде жалғасын тапты. 

Читать далее »

ТӘРТІП БАР ЖЕРДЕ ТАБЫС БАР

Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Амантай Күреңбеков Мақат ауданында болып, Доссор кентінің тұрғындары және құқық қорғау қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесуде Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков Елбасының Жолдауындағы кемел бағыттардың орындалысы жөнінде сөз қозғап, еліміздің құқық қорғау саласындағы жаңалықтармен бөлісті. 

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА БАСТАУ – БҮГІННЕН

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры Асқар Биахметов Еркінқала және Жұмыскер селолық округтері тұрғындарымен кездесті.  

Асқар Сақтағанұлының айтуынша, соңғы он бес жылда қазақстандықтардың табысы 16 есеге өскен. Бұл орайда білім беру мен денсаулық сақтау салаларына бөлінетін мемлекеттік субсидиялар жыл сайын ұлғаюда. 

Читать далее »

ИННОВАЦИЯ – ИГІ ЖОБАЛАР ИІНІ

Республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері – ҚР Президенті әкімшілігі талдау және стратегиялық әзірлемелер орталығы меңгерушісінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитеті төрайымы Забира Оразалиевалар Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон поселкесі тұрғындарымен, мәслихат депутаттары, селолық округтер әкімдері, бюджеттік және өндірістік мекемелердің жетекшілерімен кездесіп, Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын маңызды бағыттарды саралады. 

Читать далее »

БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ

Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ Құрманғазы ауданына ат басын тіреді. Жергілікті тұрғындармен кездескен насихаттық топ мүшелері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз  ету департаменті директорының міндетін атқарушы Бауыржан Айымбетов пен Сыртқы істер министрлігінің аса маңызды тапсырмалар жөніндегі елшісі Сүлеймен Үсен өмірлік маңызы бар, көкейкесті мәселелерді талқы таразысына салды. 

Читать далее »

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСКЕ – КЕҢ ӨРІС

Миялы селосында «Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының кезектен тыс ХV конференциясы өтті. Конференция жұмысына саяси кеңес мүшелері, аудандық Мәслихаттың депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия ардагерлері, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Конференцияға қатынасушылар Мемлекет басшысының  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылады.

Читать далее »