Жолдау

ЖАҢАША ЖҰМЫС ЖАҚСЫ ІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

Еліміздің халықаралық аренадағы беделінің нығайып, саяси тұрақтылық пен тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізіп отырғаны  - Елбасының жүргізіп отырған  сындарлы саясатының нәтижесі. 

Читать далее »

ӨМІРДІҢ ӨЗЕГІ – ЖОЛ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бастамасымен өмірге келген еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының рөлі айрықша. Облыс экономикасының барлық салалары бүгінде осы бағдарлама аясында нақты жобалармен жанданып, даму үстінде. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Мемлекет басшысының тарихи Жолдауы еліміздің жақын келешектегі даму бағытын айқындады.

Читать далее »

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Елбасымыздың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында маңызды жоспарлар белгіленгені белгілі. Президентіміз дүние жүзінде орын алып жатқан жағдайларға нақты баға бере отырып, Қазақстанның келешектегі даму бағытын айқындады. Жаңа экономикалық саясаттың өзегі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспары болып отыр.

Читать далее »

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ…

Мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мақсатында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру аясында  облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың өткен жылғы атқарылған іс-шараларының ықпалы зор болғаны белгілі. Көп тіл білу қадым заманнан құрметті. «Жеті  жұрттың тілін біл...» деген даналық ұлы даланың ұлағаты ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келеді. Үш тұғырлы тілмен қаруланып, заманауи жетістіктер жетегінде жұмыс жасаған біздің басқарманың өткен жылғы Жылыой ауданында «Үш тілді меңгеру – заман талабы» атты облыстық деңгейде өткізген семинары жақсы істердің жалғасы болды. Семинарға қатысушылар Елбасы ұсынған «Үш тұғырлы тіл» жобасын талқыға салып, әр салада оны ұжымдасып жүзеге асыру бағыттарын нақтылаған болатын.

Читать далее »

АЗЫҚ-ТҮЛІК МОЛШЫЛЫҒЫ – АЛҒЫ КЕЗЕКТЕ

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында: «2007 жылы басталған дүниежүзілік дағдарыс өзінің қиын жағдайларын әлі тәмамдаған жоқ. Сол дағдарыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Оның салдарын біз көріп отырмыз. Біз осыған қарсы шара қолдануымыз керек» деген болатын. Мұның өзі қолға алар істің орасан маңыздылығын, жоспар-жобаларымыздың, күнделікті қам-қарекеттеріміздің нақтылығын білдіріп, қадамдарымыздың жинақылық пен жүйелілікте құрылуын талап етеді.

Читать далее »

БАСТЫ БАҒДАР, БАЙЫПТЫ ҚАДАМ

ТыңидеяларменұтқырұсыныстардыортағасалатынәрбіржаңаЖолдаубұл, еңалдымен, егеменеліміздіңертеңгіжарқынболашағынабастарбастыбағыт. Кезекті стратегиялық құжатта елдің ертеңі саналатын – жастар мәселесі де шет қалмады. Осы орайда жас ұрпақ өкілдеріне қатысты облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім ҚАЛАУИМЕН әңгімелескен едік.

Читать далее »

ДАҒДАРЫСҚА ДАЙЫН БОЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың негізгі тетіктерін атап көрсетті. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Осы жағдайда ел әлеуетін бұдан әрі жақсартуға және құрылымдық реформаларды жалғастыруға басты бағыттар белгіленді.

Читать далее »

ӨТКЕНГЕ – БЕЗБЕН, БОЛАШАҚҚА – БАҒДАР

Еліміздің жарқын келешектегі даму бағытын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тарихи Жолдауында жан-жақты айқындап берді. Мұны жаңа экономикалық саясаттың алғышарты деп қабылдаған жөн. Өйткені, онда бұрын болмаған жеңілдіктер қамтылып, нақты жоспарлар белгіленген, мемлекет тарапынан халыққа үлкен материалдық жағдай жасалмақ.

Читать далее »

«НҰРЛЫ ЖОЛ» – ҰРПАҚ ҮШІН!

«Нұрлы Жол» бағдарламасындағы жобалар бүгінгінің ғана ісі емес, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын болады». Бұл Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің жетекші телеарналар тілшілеріне берген сұхбатында айтқан сөздері. Шынымен де, ұлтымыздың кемеңгер көсеміне айналған Елбасының бұл жолғы сұхбаты тарих болып хатталып үлгерген кешегі күндерге есеп беріп, алдағы істерге бірігіп кірісу керектігін айқын аңғартқандай болды. Журналистер де өздерін сұхбат алаңында еркін сезініп, кезекпен-кезек сауалдарын жолдап отырды.

Читать далее »

КЕМЕЛ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының  мүшесі, облыстық партия филиалының «Инновациялық экономика» бағыты бойынша партиялық тәлімгер ретінде Елбасының осы жолғы Жолдауында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға  мән берілгенін қуана қолдаймын.

Читать далее »