Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасының келіссөзі нәтижесінде он маңызды құжат қабылданды

Atr.kz/12 қыркүйек, 2019 жыл.  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Кездесу барысында Тоқаев Қытай көшбасшысымен Бішкекте өткен ШЫҰ саммитінен кейін араға бірнеше ай салып қайта жолыққанына өте қуанышты екенін айтты. Мемлекет басшысы Қытай төрағасына қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, Си Цзиньпиннің досы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан […]

Continue Reading

Атырауға келген Тимур Құлыбаев бизнесмендермен кездесті

Atr.kz/6 қыркүйек, 2019 жыл. Атырау облысы елдің жалпы ішкі өнімінің 15,6 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Аймақтың шағын және орта бизнес саласында 48,6 мың субъекті жұмыс жасайды. «Атыраудың «Қазақстанның мұнайлы астанасы» ат алуы заңдылық. Тәуелсіздіктің тұғырлы болуына өңірдің қосып отырған үлесі зор. Шикізат өндірісінің қарқынды дамуы бизнеске, қызмет көрсету салаларына үлкен мүмкіндік беріп отыр» деді жергілікті […]

Continue Reading

Атырауда ерекше мұнай өңдеу жабдығы дайындалуда

Atr.kz/6 қыркүйек, 2019 жыл. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің индустриялық-маңызды нысандарын аралады. Қор басшысы «Kazakhstan Petrochemical Industries» интеграцияланған газ-химия кешені аясында полипропилен өндіретін зауыт құрылысы жөніндегі жобаның барысымен танысты. Ахметжан Есімов кешеннің құрылыс алаңдарын аралап, қазақстандық өндірушілерді жобаны іске  асыруға барынша тартудың және кешенді мерзімінде іске қосудың […]

Continue Reading

Мемлекет басшысы: Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілді

Atr.kz/6 қыркүйек, 2019 жыл. Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілді. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».  «Азаматтық белсенділік ел тағдырына деген жауапкершілік, тұрмыс сапасын жақсартуға деген ұмтылыс халқымызды алға жетелейді. Осы ұстанымдарды басшылыққа алып, еліміздің дамуына тың серпін беру маңызды міндет. Кез келген мемлекеттің өз […]

Continue Reading

Қасым-Жомарт Тоқаев: мұнай сервисінің индустриясы экономиканы әртараптандыру және өсу драйверлерінің бірі болып табылады

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Мемлекет басшысының Атырауда өткізген мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінің тезистерін www.akorda.kz жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отын-энергетика кешенінің Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынын айтты. Президент мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар нақты міндеттерді қойды. Мемлекет басшысы Қашаған, Теңіз […]

Continue Reading

Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды. “Ақорда” сайтының хабарлауынша, Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты. Компанияның көрсететін қызметтерінің тізіміне бұрғылау және мұнай кәсіпорнының құрал-жабдықтарын дайындау, мұнай-газ кен орындарын орналастыру жұмыстары кіреді. 

Continue Reading