Атырауда супермаркетке жарылғыш зат қойылды деп жалған хабар берген тұрғын ұсталды

Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. Атырауда супермаркетке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған тұрғын ұсталды. «Полицияға белгісіз ер адам келіп, Балықшы шағын ауданында орналасқан «Семья» супермаркетіне жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Супермаркеттің ғимараты толықтай қоршалып, ондағы адамдар эвакуацияланды. Ешқандай жарылатын құрал табылмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осындай қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан күдікті ұсталды. «ҚР ҚК терроризм туралы жалған хабар тарату» […]

Толығырақ...

Атырауда мемлекеттік қызмет саласы бойынша “ашық есік күні” өтеді

Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. Ертең сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтеді. Мұнда тұрғындарға уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттар ұсынылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түсіндірме беріледі. Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратына экскурсия жүргізіледі. Шараның басты мақсаты – департамент пен халық […]

Толығырақ...

Атырауда әйелді қаққан жүргізуші 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Atr.kz/26 ақпан, 2019 жыл. Атырауда әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге 2,5 жыл мерзімге колонияға жіберу жазасы тағайындалды. «2019 жылдың 9 қазаны күні сотталушы «Toyota Ipsum» маркалы автомобиліне жүргізуші куәлігінсіз мінген. Ол Азаттық даңғылымен Балықшы шағынауданына бара жатқан жолда әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, сонда ес жимай көз жұмды. Тергеу кезінде […]

Толығырақ...

Заңсыз жұмыс жасағандар ел аумағынан кетеді

Атырауда  жыл басынан бері 26 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылған. Таяуда сот төрелігімен ҚХР азаматын ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылданды.  53 жасар шетел азаматы облыс аумағына іскерлік визамен (жұмыс жасауға рұқсат етілмеген) келіп, қаладағы  компаниялардың бірінде қаржы директоры болып жұмыс жасаған. Полиция департаменті хабарлағанындай, көші-қон полициясы жүргізген жедел алдын алу шаралары нәтижесінде жыл […]

Толығырақ...

Жыртылған Ту, ескірген Елтаңба…

Облыс әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын қорытқан облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев өз ойын осылай түйіндеді. Комиссияда алдымен Қызылқоға ауданының әкімі Арман Баженов Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен насихаттаудағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі мекемелердің маңдайшасында және басшылардың жұмыс кабинеттерінде орнатылған мемлекеттік Елтаңбаның түсі өзгеріп, дақтанып […]

Толығырақ...

Алаңдатарлық ахуал: Жеделсатыда үзілген ғұмыр

Қауіптің алдын қалай алуға болады? Облыс орталығындағы көп  қабатты 114 үйде 301 жеделсаты бар. Соның басым бөлігі адам тасымалдауға арналған. Қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат Хабиевтің айтуынша, дәл қазір 26 жолаушы, 28 жүк-жолаушы лифтіcі ауыстыруды қажет етеді. Түйінді тарқатудың жолы Танысымыз Атыраудағы Алмагүл шағынауданынан пәтер алған еді. Баспанасы – 16 көп қабатты үйдің ең […]

Толығырақ...