Тұлға

Көмейден жыр төккен, Салауат ең!

Жаздың соңғы күні еді. Суық хабар жанымызды жабырқатты. Салауаттай азаматты жоқтап, Жайық та іштей күрсініп аққан шығар. Жайықтай жарқылдаған жыр едің, Салауат! Жайықта еркелеген ұл едің, Салауат! Келместің кемесіне мініп сен де кете бардың дәл қырық төрт жасыңда… «Біреудің аспандағы асылымын, біреудің жұртта қалған жасығымын» деп жырлаған ақиық ақын Қасым Аманжолов та қырық төрт жасында бақиға аттанып еді. Қасымдар салған ...

Читать далее »

Мамандығым – мақтанышым

Осыдан 23 жыл бұрын Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне ақжарқын азаматша қызметке келіп, ұжымға тез үйренісіп кетті. Жамал Исмадьярова 1995 жылдары қорғаныс істері жөніндегі департаментке есепші болып қызметке тұрады. Содан бері өз мамандығының майталманы екенін дәлелдеп келеді. «Әскери орта тәртіпті қажет етеді. Тым кештетіп жұмыс істеген күндерім болды. Есепші маманының маңыздылығын түсінетін отбасым мені әрдайым қолдап отырады. Әріптестерім өте ...

Читать далее »

Көшеге – Пыштанай батыр есімі

Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың біріккен қаулы-шешімімен Атырау қаласының Самал мөлтекауданындағы №18 көшеге Ер Қосайұлы Пыштанай батырдың есімі берілді. Ол 1693-1793 жылдары өмір сүрген, ғасырлық ғұмыр кешкен аруақты батыр, Қазақ мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігі, халқының азаттығы мен еркіндігі жолында жанқиярлықпен күрескен, елі мен жерін сыртқы жаулардан қорғаған даңқты қолбасшы. Аңырақай шайқасында Қазақ әскерінің бас қолбасшысы Әбілқайыр ханның Мыңбасы, әрі Ту ...

Читать далее »

Үш портрет, үш Мұрат

Бейнелеу өнерінің бәсекесі Осыдан тура жиырма бес жыл бұрын Атырау өңірінде зар заман поэзиясының тұлғалы өкілі Мұрат Мөңкеұлының туғанына 150 жыл толуына орай дүбірлі той өтті. Торқалы той қарсаңында Мұрат ақынның бейнесіне республикалық бәйге жарияланды. Қолы қалт еткенде қылқалам ұстайтын ауыл суретшісінен бастап, жалы күдірейген бейнелеу өнерінің профессорына дейін бәсекеге түсті де кетті. Бояудың бабын тауып, кейіпкердің түр-түсін қырық құбылта ...

Читать далее »

Сенім жүгі

«Атырау-Ақпарат» ЖШС мен Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік архивінің бірлескен жобасы Равиль Шырдабаев Атырау облысының әкімі болып 1994 жылы 16 қазанда тағайындалды. Облыс әкімі елге етене таныс, басқару жүйесінің барлық сатысынан өткен, өндіріс пен өңір экономикасын жетік білетін, еңбек жолында көптеген сынақтарды жеңе білген тұлға болатын. Бұған дейін Равиль Шырдабаев Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Теңізшевройл» бірлескен ...

Читать далее »

Тау тұлға

1985 жылы 23 желтоқсанда өткен Гурьев облыстық партия комитетінің ХІ пленумында мұнайлы өңірдің І хатшылығына А.Құлыбаев, обком хатшысы болып М.Шайжүнісов сайланды. Тәжірибелі басшы Асқар Құлыбаев обком бюросын араға апта салып шақырады. Бюрода Каспий аймағы мұнай-газ кешенін құру мәселесі сараланады. Арнайы қаулыға сәйкес, алдағы 1990 жылы «Теңізмұнайгаз», «Ембімұнай» өндірістік басқармалары Теңіз кенішінде мұнай, газ, күкіртті өндіруді жүзеге асыруы тиіс еді. КСРО ...

Читать далее »