Тұлға

Маржан ЕРШУ: «Еріктей талантты ұлықтау керек…»

–  Маржан Аманқосқызы, соңғы жылдары сирек дауысты әнші, жерлесіміз Ерік Құрманғалиев туралы қалам тербеп келесіз.  «Ерік Құрманғалиев» кітап-альбомыңыз  жарық көрді. Ерік тақырыбына қалай келдіңіз? – 2010  жылы болатын. Тапсырыспен  материал жазғым келді, себебі  ақша керек болды. Содан «Астана»  журналының бас редакторы  Мақсат Тәж-Мұратқа бардым. «Қандай тақырып болса да жазам,  тек қаламақысы жақсы  болса» дедім. Ол  маған «Ерік Құрманғалиев туралы жазсаң ...

Читать далее »

Қызыл үйден шыққан ұстаз

1955 жылдың қыс айы болатын. Қызыл үй елді мекенінің қырында жалғыз үй болып тұрғанбыз. Анам Жәмилә колхоздың сиырын бағады. Мен мал өріске кеткеннен кейін ілесе алмаған малдарды қораға қамап, оларға шөп салып, әлім келгенше қора тазалайтынмын, сөйтіп анама көмектесетінмін. Сондай күндердің бірінде қораға түлкіні қуған бір тазы ит кіріп кетпесі бар ма? Аң-таң болып тұр едім, артынан бір аттылы ағай ...

Читать далее »

«Атырау» галереясы: Әбдірашид Сыдыханов

Атырау өңірінен шыққан қазақ бейнелеу өнеріндегі қайталанбас тұлғалардың бірі – Әбдірашид Аронұлы Сыдыханов. Қазақстан Республикасы өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықпен, «Құрмет» орденінің, «Тарлан» сыйлығының «Өнерге қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша иегері. Суретші 1937 жылы Атырау облысының Кулагино ауылында дүниеге келген.  Гоголь атындағы көркемсурет училищесін 1965 жылы бітірген. Еңбек жолын кино әлемінде бастап, «Ән қанатында» көркем фильмінде қоюшы-суретшінің ассистенті болады. ...

Читать далее »

Адалдықты ар тұтқан еді…

Қаракөл ауылының тумасы Рзағали Тәжиев 1932 жылы Қызылқоға өңірінің Жамбыл ауылдық кеңесінде дүниеге келіп, Бесқала бастауыш мектебін тәмамдаған. Қаракөл орта мектебіне жұмысқа барарымда әкем марқұм: «Сол ауылда Рзағали деген ағаң, Жаңылған атты жеңгең, олардың Майым деген үлкен аналары бар. Үйлері мектеп-интернатқа жақын, демалыста барып тұрасың ғой», – деп тапсырған болатын. Адалдықты ар тұтқан еді… Расында, Рзағали аға өзінің адал еңбегімен, ...

Читать далее »

Біз – алғашқы түлектерміз…

Біз 1960 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетінде Асан Сапаровпен курстас болып, бірге оқыдық. Біз – педагогикалық институттың алғашқы түлектеріміз. Жан-жаққа жолдамамен кетсек те, көп кешікпей жұмыс бабының түрлі өзгерулеріне орай, қаладан табысып, 40-50 жылдай бірге тіршілік кештік. Жанұяларымыз жарасқан, аралас-құралас, қызықтарымызды да, қиындығымызды да бірге көріскен жандар болғанбыз. Бірімізге тапсырма жүктеп, бірімізге жол көрсетіп, ақылын айтып отыратын да осы ...

Читать далее »

Ауылдан шыққан дипломат

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» жобасы ел өміріне жаңа серпіліс әкелген оқиға болды. Шынында да, туған елге, жерге, Отанға деген шынайы махаббат алдымен өзі туған ауылын сүюден, оның ардақтыларын қадірлеуден бастау алса керек. Өз туған ауылыңның өткенін білу, ол туралы әпсаналарды зерделеу, тарихи тұлғаларын, көрнекті қайраткерлерін мақтан тұту – әр перзенттің асыл парызы. Бұл мақаланы  жазуыма ...

Читать далее »