Тұлға

Жазудың жорғасы ғой Жолдас деген…

Жазудың жорғасы ғой Жолдас деген

Әдеттегідей  үйде демалып жатқанмын. Шыр еткен телефон дауысы тыныштықты бұзып жіберді. «Бұл кім болды екен?» деп тұтқаны көтерсем, өзімнің досым Жөкең, яғни қызылқоғалық журналист, жайсаң жігіт Жолдас Жанқуатов екен. Амандық-саулықты сұрасып, өткен-кеткенді еске алысып дегендей,  әңгімеге ерік бердік. Бір кезде Жөкең «Ау, Қайреке, біз де қартайып қалыппыз ғой. Жетпіске толғалы жатырмын»  дейді. Сол сәтте-ақ көз алдыма бозбала шағымыз, қызметтес болған ...

Читать далее »

Азамат тұлғасы

Азамат   тұлғасы

Өткен күндерге көз жіберсек, өзі өмір сүрген кезінде қарапайым жұртшылық ортасында, замандастары мен жас ұрпақ алдында азаматтық болмыс-бітімімен үлгі болып, мамандығы бойынша адал еңбек етіп, із қалдырған жандардың орны ерекше.

Читать далее »

Жөкеңнің жарқын жолдары

111 дайын

Мұнайлы өлкенің арғы-бергі тарихында жер астында теңіздей толқыған байлықты халқының қажетіне жарату жолында ерен еңбегімен көзге түскен аяулы адамдар баршылық. Халқымыз «су ағады, тас қалады», – деп тегін айтпаған. Қанша уақыт өтсе де, қадір-қасиетін жоғалтпай, жұртының құрметіне бөленіп, ел мақтанышына айналатын, көпшілік есімін ілтипатпен атайтын азаматтар болады. Сондай асыл азаматтың бірі де бірегейі – бүгінде 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ...

Читать далее »

Атырау журналистикасының абызы 90 жастың төріндегі Шөпенғали ДӘУЕНОВ осы құрметке лайық

 Жалпы, биылғы жыл облыстық қоғамдық-саяси «Аты- рау» газеті үшін ерен ерекшелігімен, жарқын жеңістерімен, толайым табыстарымен есте қалатындай. Алдымен, басылымның 20 000-шы саны жарық көрді. Осы айтулы оқиға аясында жарты ғасырдан астам газетімізде еңбек еткен, өзіндік өрнегін салған, «бір өзі – бір мектеп» атанған Шөпенғали Дәуенұлы 90 жасқа толды. Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ол «Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының ...

Читать далее »

Жарқылдаған жасын-ғұмыр…

Түгін тартса майы шыққан, ән мен жырдың мекені, тарихы тереңге кеткен Қызылқоға топырағында 1953 жылдың 25 шілдесі күні Жаманқұл Нұрмұхановтың жанұясында балпанақтай ұл дүниеге келді. Отбасына зор қуаныш сыйлаған тұңғыш ұлдың аты да Қуаныш аталды.Біз әңгіме еткелі отырған Қуаныш Жаманқұлұлы Миялы орта мектебін 1971 жылы бітіріп шықты. Мектеп бітірген соң Кеңес Одағы армиясы қатарында болып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп ...

Читать далее »

Дала академигі Жолдасқали Досмұхамбетовтың туғанына – 100 жыл

  Тағдыры Теңіз кенішімен байланысты облыс тұрғындары үшін биылғы жыл ерекше болып отыр. Ең алдымен, ағымдағы жылы Теңіз секілді алып кенішті алғаш ашушы, атақты мұнайшы Жолдасқали Досмұхамбетовтың туғанына 100 жыл толуы аталып өтуде.    Осыдан 41 жыл бұрын дәл осы азамат Теңіз кен орнына атау беріп, оның мол қоры туралы болжаған болатын. Сонымен қатар, биылғы жыл Теңіз кен орнынан алғаш ...

Читать далее »

АҚЫНДЫ АҚЖАЙЫҚША АРДАҚТАУ

Шыңғыс МҰҚАН, Атырау  облысы әкімінің орынбасары 

Қазақ мәдениетінің тарихы әдебиетті  мұншалықты  қадірлеуді бұрын-соңды көрмеген болар, сірә. Халық жазушысы Қадыр Мырза Әліге Оралда екі күнде екі ескерткіш, бір орталық ашылды. 

Читать далее »

АТЫРАУДЫҢ АБЫЗЫ

Оңайбай Көшековті мен өзімнің студенттік кездерімнен бері білемін. Себебі, менің бес жыл тұрған үйім Оңекеңнің құдасы Арыстанғалимен бір шарбақта болды. Жанұяларымызбен сол құдасының үйінде анда-санда болса да дастархандас болып тұрдық. Сол кезде қалалық партия комитетінде қызмет жасайтын Оңайбай Көшеков мен үшін үлкен тұлға болып көрінсе де, оның бойында қарапайымдылық қасиеті басым болатын. 

Читать далее »