Тұлға

АҚЫНДЫ АҚЖАЙЫҚША АРДАҚТАУ

Шыңғыс МҰҚАН, Атырау  облысы әкімінің орынбасары 

Қазақ мәдениетінің тарихы әдебиетті  мұншалықты  қадірлеуді бұрын-соңды көрмеген болар, сірә. Халық жазушысы Қадыр Мырза Әліге Оралда екі күнде екі ескерткіш, бір орталық ашылды. 

Читать далее »

АТЫРАУДЫҢ АБЫЗЫ

Оңайбай Көшековті мен өзімнің студенттік кездерімнен бері білемін. Себебі, менің бес жыл тұрған үйім Оңекеңнің құдасы Арыстанғалимен бір шарбақта болды. Жанұяларымызбен сол құдасының үйінде анда-санда болса да дастархандас болып тұрдық. Сол кезде қалалық партия комитетінде қызмет жасайтын Оңайбай Көшеков мен үшін үлкен тұлға болып көрінсе де, оның бойында қарапайымдылық қасиеті басым болатын. 

Читать далее »

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЖАННА Д’АРКІ

Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов Фариза ақын туралы былай деген екен: «Көркем сөз майданында ақынға, жазушыға, еркекке, әйелге, кәріге, жасқа деп шектеліп қойылған саржайлау да жоқ, құлазыған қу дала да жоқ. Ащы көл де ортақ, тұщы көл де ортақ. Ғарышқа деген биіктік те ортақ, Жер-ананың отты жүрегіне дейінгі тереңдік те ортақ. Ерлік, батылдық, адалдық, ұяттылық, арлылық, намысқойлық сияқты адамгершілік – азаматтық қасиеттердің бәрі де ортақ. Мен қазақтың ақын қызы Фаризаны осындай асқарлардың биігінде көремін». 

Читать далее »

КҮЙ ӘЛЕМІНІҢ ҚҰЛАГЕРІ

Бүгінгі заманғы күй әлемінде Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, профессор, бүкілодақтық және халықаралық конкурстардың лауреаты Рысбай Ғабдиевтің орны ерекше. Ол жеке орындаушы және қазақ халық аспаптары оркестрінің жетекшісі, дирижер ретінде көп құрметіне бөленді, әлемдік биікке көтерілді.
Міне, сондай айтулы тұлға, асыл азаматтың арамыздан кеткеніне де он жылдың жүзі ауды. Бірақ, елі, өнерсүйер қауым оны ұмытпайды. Төкпе күймен бірге ол да жасай беретін болады.

Читать далее »

ТАМАША ТӘЛІМГЕР

Рысбай Ғабдиев – тумысынан өнерге жаралған дара тұлға. Сонымен бірге табиғатынан талантты жасқа – тәлімгер-ұстаз. Бір жерде өнерлі жасты көрсе, қолынан келгенше қамқорлап, оның өсіп, қанаттануына бар күшін салатын. Рекеңнің бұл ерекшелігі өмір бойы өзіне серік, ісіне көрік болды деп айтар едім.

Читать далее »

САҢЛАҚТЫҢ САЙРАҒАН ІЗІ

Рысбай Ғабдиев жеке орындау шеберлігімен қоса дарынды дирижер, керемет ұйымдастырушы да еді ғой. Ол Алматының Чайковский атындағы музыка училищесінің прима класын бітірген соң Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, одан алпысыншы жылдардың басында өзі туған Атырауына оралған соң Балықшы ауданындағы Ленин атындағы колхозда (Еркінқала), Доссорда Мақат қазақ халық ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастырып, кейін олардың қай-қайсысы да үлкен сайыстарда жеңімпаз атанды.

Читать далее »

АСЫЛЫМ ЕДІҢ АРДАҚТЫ…

Беу, дүние-ай десеңізші! Бір кездері ел басына туған нәубеттің құрбаны болып, ортасына түскен шаңырақты, өзі айтқандай «он екіде бір нұсқасы жоқ» шаңырақты қалпына келтіріп, әулетін жапырағы жайылған алып бәйтерекке айналдырып, өзі соның алтын діңгегі болған Қашекем, Қашқын Түгелбайұлы ортамызда болса толғаулы 90 жасқа толып, арамызда шалқып отырар еді-ау, шіркін!..

Читать далее »

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ ВЛАДИМИР СМИРНОВ «КСЕЛЛ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Олимпиада жеңімпазы Владимир Смирнов «Кселл» компаниясының үшінші тәуелсіз директоры болып сайланды. Осындай шешім Алматыда 2014 жылдың 21 мамыр айында өткен «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жиналысында қабылданды.

Читать далее »