Үш портрет, үш Мұрат

Бейнелеу өнерінің бәсекесі Осыдан тура жиырма бес жыл бұрын Атырау өңірінде зар заман поэзиясының тұлғалы өкілі Мұрат Мөңкеұлының туғанына 150 жыл толуына орай дүбірлі той өтті. Торқалы той қарсаңында Мұрат ақынның бейнесіне республикалық бәйге жарияланды. Қолы қалт еткенде қылқалам ұстайтын ауыл суретшісінен бастап, жалы күдірейген бейнелеу өнерінің профессорына дейін бәсекеге түсті де кетті. Бояудың бабын […]

Continue Reading

Сенім жүгі

«Атырау-Ақпарат» ЖШС мен Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік архивінің бірлескен жобасы Равиль Шырдабаев Атырау облысының әкімі болып 1994 жылы 16 қазанда тағайындалды. Облыс әкімі елге етене таныс, басқару жүйесінің барлық сатысынан өткен, өндіріс пен өңір экономикасын жетік білетін, еңбек жолында көптеген сынақтарды жеңе білген тұлға болатын. Бұған дейін Равиль Шырдабаев Атырау облысы […]

Continue Reading

Тау тұлға

1985 жылы 23 желтоқсанда өткен Гурьев облыстық партия комитетінің ХІ пленумында мұнайлы өңірдің І хатшылығына А.Құлыбаев, обком хатшысы болып М.Шайжүнісов сайланды. Тәжірибелі басшы Асқар Құлыбаев обком бюросын араға апта салып шақырады. Бюрода Каспий аймағы мұнай-газ кешенін құру мәселесі сараланады. Арнайы қаулыға сәйкес, алдағы 1990 жылы «Теңізмұнайгаз», «Ембімұнай» өндірістік басқармалары Теңіз кенішінде мұнай, газ, күкіртті өндіруді […]

Continue Reading

Атырауда талантты бард Табыл Досымовтың ұлы Абыл Аяштың ән кеші өтті

Пәлсапашылардың көзқарасына сүйенер болсақ, адам ғұмыры дегеніңіздің өзі қатып қалған қағидалардың тізбегінен немесе шешімі белгілі аксиомалардан тұрмайтын көрінеді… О баста пешенеңе жазған жарық жалғандағы көрерің біреулерге аш ішектей шұбатылған, таусыла қоймайтын мағынасыз күндер керуені болса, енді біреулер үшін кірпік қаққанша өтіп кетер жарықтың жылдамдығындай жарқыл ғана… Мұқағали шайыр айтпақшы, «Өмір дегенің бір күндік сәуле екен […]

Continue Reading

Мереке Құлкенов: «Ойланып жазылған дүниенің өмірі ұзақ болады»

Аймақ жылнамашысы – «Атырау» газетінің 95 жылдығына орай танымал қаламгерлермен кездесу бастау алды. Алғашқылардың бірі болып жергілікті журналистермен жазушы, Президент сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов жүздесті. Еркін форматта өткен ашық әңгімелесуде төл басылым туралы ғана емес, жалпы қазақ журналистикасының бүгінгі жай-күйі сөз болды. Тұтас өңірдің тарихын […]

Continue Reading

Еленбей қалған ерлік

Заманның қиынында шаруашылық басқарған, өнегелі өмір сүрген Ниязғалиев Қалам ағаға қатысты тың дерек анықталып жатыр. Марқұм былайғы өмірде ашық-жарқын көрінгенімен, соғыста бастан кешкендерін айта бермейтін. Дегенмен, бүгінде оның ерлігі белгілі болуда. Мұрағаттарды жете зерттеген, қанқұйлы кезеңнің беймәлім тұстарын түгендеген Ресейдің арнайы сайттары тосын мәліметтерді жариялады. Қалам Ниязғалиев майданға Есбол аудандық әскери комиссариатынан шақырылады. Арнайы дайындықтан […]

Continue Reading