Атырау

Атырау жəне Маңғыстау облыстарының əкімдіктері меморандумға қол қойды

IMG_2010-29-08-18-08-34

Кеше Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжанов екі облыстың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Меморандумның мақсаты – өңіраралық кооперацияны дамыту жəне өңірлердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру. Тараптар өнеркəсіп, шағын жəне орта бизнес саласында, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, экология, құрылыс салаларында ынтымақтастық жасауға келісті. Сондай-ақ, облыстар арасында жастар саясаты, мəдениет жəне ...

Читать далее »

Атырауда Солтүстік-Каспий жобасының 25 жылдығы аталып өтуде

IMG_1994-28-08-18-04-22

Бүгін Атырауда Солтүстік-Каспий жобасының 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралары басталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Мерекені атап өту аясында Атырауда «Қашаған- Қазақстанның болашағы үшін» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. NCOC басшылығы мен консорциум ұжымы, Қашаған кенорнын алғаш ашқан ардагерлердің алдында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі. Жобаның маңыздылығына тоқтала отырып, облыс әкімі Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқыды. «Бұл жоба Қазақстанның мұнай-газ ...

Читать далее »

Успен соборына – 130 жыл

Screenshot_5

Бүгін Атырау қаласындағы православ шіркеуі – Әулие Успен соборының құрылғанына 130 жыл. Биыл қалпына келтіру жұмыстарынан кейін жаңа кейіпке енген шіркеуде аталған датаға орай құлшылық рәсімдері өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Успен соборының иерейі Михаил Соколов мәлім етті. Шараға Орал және Ақтөбе өңірлерінің архиепископы әулие әкей Антоний қатыспақ. «2000 жылы шіркеудің жағдайы аянышты халде-тұғын, сондықтан, сол кездегі ...

Читать далее »

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі

Классикалық блоггинг

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев мәлім етті. «Аталған жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мақсаты – кондоминиум объектісін басқарушы органдар мен қала тұрғындары арасындағы дауларды азайту, ПИК қызметіне автоматтандырылған шешім енгізу. Нәтижесінде, тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасы жақсарып, жұмыстың айқындылығы артпақ», – дейді Қ.Хабиев. ...

Читать далее »

Елбасы Атыраудағы өркенді істерге оң баға берді (ВИДЕО)

9ba429f23bde44384eae07136e287ab6

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен кеңеске қатысушылардың ұсыныс-пікірлері: Жергілікті мамандар үлесі  артты Ізтұрған БАЙМҰҚАНОВ, Кәсіподақтар Федерациясы облыстық филиалының төрағасы: – Мен – мұнайшымын. Осы салада 35 жыл еңбек еттім. Атыраулық мұнайшылар Сіздің бізге деген көзқарасыңыздың жақсы екенін біледі. Мұнай саласы – Қазақстан экономикасының күретамыры, локомотиві. Осы саладан екі бірдей Қазақстанның Еңбек Ері шығуының өзі сөзіміздің айқын дәлелі болса керек. ...

Читать далее »

Шағын және орта бизнес: Мемлекет ұсынған мүмкіндіктер

Image of three business people’s hands at working meeting

Атырау – еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 11,5 пайызын өндіретін қарқынды дамыған аймақтардың бірі. Өңірдің экономикалық дамуындағы дәстүрлі және негізгі бағыт – мұнай өндіру мен мұнай-сервис саласы. Сондықтан,  мұнда ірі және орта бизнес өкілдері көптеп шоғырланған. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Нәтижесінде ауылшаруашылық өндірістік кешенінде, көлік-логистикалық және құрылыс салаларында ілгерілеушілік байқалады. Кәсіпкерге – қайтарымсыз грант ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

9f6ebfd268f4618bba09f1ac8339749c

Қазақстан Президенті Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында зор жетістікке жеткеніне тоқталып, оған Атырау халқы да үлес қосқанын ерекше атап өтті. – Біз 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын қабылдадық. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Цифрлық Қазақстан», индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары және «Бес әлеуметтік бастама» жүзеге асырылып жатыр. ...

Читать далее »

Елбасы атыраулық студенттермен кездесті

804a457bbf7048faa7d44bb6ba567fc1

Мемлекет басшысы «ҚазТрансОйл» компаниясы «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру барысында Атырау мемлекеттік университетіне сыйға тартқан жаңа Студенттер үйінің ғимаратымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Жатақханада тұратын студенттермен әңгімелесу кезінде Елбасы қазақ халқының үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, сондай-ақ отаныңды сүюге негізделген салт-дәстүрін ұстанудың маңыздылығын айтты. Университет студенттері «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы жобалардың жүзеге асырылғаны және студент жастарға әрдайым қолдау көрсетіліп келе ...

Читать далее »

Қазақстан Президенті «Ембімұнайгаз» АҚ-ы және «Жігермұнайгазсервис» серіктестігіне барды

e229eb78c5f7774e8228c59bab2e00be

Қазақстан Президенті «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына барып, Өндірістік үдерістерді қадағалау орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Онда Елбасыға цифрлық зияткерлік кен орнының жүйесі көрсетілді. Бұл нақты уақыт режімінде өнеркәсіп нысандарынан түсетін ауқымды мәліметтерді өңдеуге, шұғыл шешім қабылдау мақсатымен оларға әрі қарай талдау жасауға, сондай-ақ кен орындарындағы өндіру үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаев кен орындарына цифрландыру элементтерін енгізудің арқасында ...

Читать далее »

Елбасы Атырауда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалармен танысты

9dc7a048b4e55068e36be80d6cebcf5f

Елбасы «Карат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Дәулет» жеке индустриялық аймағында болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы нан және макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехты аралап көріп, осы жерде өндірілетін дайын өнім үлгілерімен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне Атырау облысындағы инвестициялық жобалар көрсетілді. Атап айтқанда, қуаты 52 мегаватт болатын жел электр станциясы, ыстық күйінде мырыш жалату цехы, робот арқылы дәнекерлеу әдісін ...

Читать далее »