Шаһар шырайы

Олжамыз – 247 тонна

Атырау ауылдық округі аумағында орналасқан «Қызыл балық» ЖШС соңғы он жылдан астам уақыттан бері серіктестік ретінде құрылып, жұмыс жасап келеді. Өзіндік еңбек дәстүрі қалыптасқан, міндетін тиянақты атқаруға дағдыланған  ұжым жылдағыша биыл да күзгі балық аулау маусымын нәтижелі аяқтап, жылды табысты қорытындылау қамында. Науқан кезінде шаруашылықта 140-150 адамға дейін жұмысқа тартылады. Осылайша, әрбір тартымда ау қоржынын олжасыз қайтармауды мақсат  тұтқан  айдын ...

Читать далее »

Атауы өзгерген ауылдар

Тәу етер тәуелсіздігіміз тарту еткен тәбәріктердің бірі ­­– жер, су атауларының ана тілімізде аталуына қол жеткізілуі. Мұның әсіресе, қазіргідей Мәңгілік ел, біртұтас ұлт болуға ұмтылып, қоғамымызды баянды болашаққа бастайтын рухани жаңғыру кезеңін бастап, ұлы даланың жеті қырына қайта бір үңіліп, төл тарихымызды түгендеуге бағыт алған кезеңде маңызы арта түсері кәміл. Бұл үрдіс тәуелсіздіктің елең-алаң шағынан қолға алынып, орталықтан бастап өңірлерде ...

Читать далее »

Энергетиктер мерейін өсірген сәт

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Энергетик күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. – Биылғы басты ерекшелік, кәсіби мереке Атырау жылу-электр орталығының құрылғанына 55 жыл толуы мерейтойымен тұспа-тұс келуі болып отыр, – деді аймақ басшысы  Нұрлан Асқарұлы. – Осынау жарты ғасырдан астам уақыт бедерінде  аймақтың энергетика саласы көптеген түбегейлі реформалар мен өзгерістерді ...

Читать далее »

Атырауда Президент шыршасы өтті

Кеше еліміздің барлық өңірлерінде кішкентай қазақстандықтар үшін дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Думанды мереке мұнайлы өлкеде де ерекше салтанатпен ұйымдастырылып, оған 850 бала қатысты. Жаңа жыл алдындағы таңғажайып көрініс, зұлымдықты жеңген адал достық пен мейірім салтанат құрды. «Жайық» спорт кешенінде өткен шарада бүлдіршіндер тағы бір мәрте ертегі әлеміне саяхаттап, сүйікті кейіпкерлерімен жүздесіп үлгерді. Театрландырылған сахналық қойылымдар кіршіксіз сәби көңіліне қуаныш сыйлады. ...

Читать далее »

Бір, екі, үш, жансын жасыл шыршамыз!

Атырау қаласында жұма күні орталық Сұлтан Бейбарыс атындағы орталық алаңда жаңа жылдың бір белгісі болып табылатын бас шырша шамдарын жақты. Салтанатты шараға атыраулықтар мен қала қонақтары көптеп жиналды. Олар күннің салқындығына қарамастан, «жасыл ағаштың» айналасынан табылды. Арасында кішкентай бөбектер де бар. Ортаға Аяз ата мен Ақшақар келіп, «Бір, екі, үш, жансын жасыл шыршамыз!» деп жар салды. Сол кезде түрлі түсті ...

Читать далее »

«Жақсылық жаса!»

Осындай ұранмен Достық үйінде «Довира» («Довіра») украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық концерт өтті. Оны мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балалары тамашалады. Алдымен, Достық үйінің өнерпаздары, атап айтқанда, «Тропикана» би, «Фантазия», «Хуторянка» вокал топтары және «Фламинго» студиясы мен «Мрия» дуэті әсем әнге салып, мың бұрала биледі. Осыдан кейін Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалармен әңгіме-дүкен құрды. Одан әрі шара жаппай ...

Читать далее »