Саясат

БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ БАҒДАР

Мәңгілік Ел болу – ата-бабаларымыздың түпкі арманы. Міне, тәуелсіз, берекелі бірлігі бар, ұйымшыл ұлыстары бар мемлекет болдық. Енді еліміз үшін өте маңызды қадам саналатын мемлекетімізді «Қазақ елі» деп атау ұсынысы бүгінде қоғам тарапынан ерекше талқыға түсуде. Атыраулық ардагерлер де  Ұлт көшбасшысы ұсынысын сөзсіз қолдайды. Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қабылдауына жиналған бір топ соғыс және еңбек, тыл ардагерлері атап айтты.

Читать далее »

БАҒДАРЛАМАЛАР ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА?

«Моноқалаларды дамыту», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары облыста қалай орындалып жатыр? Осы мәселе бойынша облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке аймақ басшысының орынбасары Айгүл Әжіғалиева есеп берді.

Читать далее »

ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

«Елбасы Жолдауының техникалық білім үшін орны ерекше» деді Орталық Коммуникациялар Қызметі брифингінде Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов.

Ел дамуында күкірт сутегі, мұнай-газ геологиясы, барлау және өндіру, металл өнеркәсібіне баса назар аударылып отыр десек, осы салалар бойынша кадр дайындап отырған республикадағы бірден-бір оқу орны Ұлттық техникалық университет екені белгілі. 

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың, «Тамақ» ЖШС-нің директоры Гүлмира Конкашеваның және «Астана Флора Интер» жеке кәсіпкерлігінің директоры Гүлнәр Бөкебаеваның қатысуымен өткен брифингте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шаралары таныстырылды.

Читать далее »

15 НАУРЫЗ – ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК!

Құрметті Атырау қаласы тұрғындары!

Атырау қаласы әкімінің 2014 жылғы 21 ақпандағы №156 «Елді мекендердің санитарлық тазалығы, сумен қамтылуы және кәріздік нысандарының 2014 жылдың көктемгі-жазғы маусымына дайындығы туралы» қаулысына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 наурыз бен 1 мамыры аралығы Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланды. Атырау қаласы әкімдігі тазалық айлығы аясында 15, 29 наурыз және 12, 26 сәуір күндері «Туған қала тазалығы – өз қолыңда!» атты жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырады.

Читать далее »

АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕР, АБЗАЛ АНАЛАР, АЯУЛЫ ҚАРЫНДАСТАР!

Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі – 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бүгінгі мереке - отбасының берекесі мен ұйытқысы болып отырған аналарымыз бен апаларымызға, жұбайларымызға, шуағын шашып, өрісімізді кеңітіп отырған қарындастарымыз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін мерейлі күн.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен мемлекет әйелдерге үлкен қолдау көрсетіп, қамқорлық жасауда.Елбасының «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп атап өтуі біздің қоғамдағы әйел-аналарға деген сый-құрметтің биіктігін көрсетеді.  

Читать далее »