Саясат

БАСТЫ БАҒЫТ – ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында Үкімет қабылдап, бекіткен «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасының мақсатты индикаторына сәйкес, 2013 жылы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 6,6 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Қазір осы үдеден шығу үшін жергілікті әкімдіктер дағдарыс кезеңінде тұралап қалған тұрғын үй құрылысын қайта жандандырып, іске бел шеше кірісуі қажет.

Читать далее »

ІСКЕРЛІК ӨРІСІ – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

6463342Бейсенбі күні Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Ұлыбританияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браун ханым мен Елшіліктің энергетика мәселелері бойынша аймақтық кеңесшісі Джонатан Кук мырзаны қабылдады.
Кездесу барысында келешекте облыстың экономикалық дамуында жасалатын қадамдар, екі ел арасындағы бірлескен мұнай-газ жобалары талқыланды.

Читать далее »

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНА – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУ

3555552СЕССИЯДА ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОСЫНДАЙ ТАЛАП ҚОЙДЫ

Кеше облыстық мәслихаттың кезекті ХІ сессиясы өтіп, онда облыста еңбек етіп жатқан шетел компанияларындағы еңбек дауларының шешілу жолдары, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының орындалуы, мәслихат жұмысына қатысты басқа да мәселелер қаралды. Сессияға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Читать далее »

АЙТЫЛҒАН СӨЗ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Сейсенбі күні өткен үкімет отырысында «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы қаралды. Селекторлық жиынды облыстық әкімшілікте облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған басшылар тікелей бейнебайланыс арқылы тамашалады.

Читать далее »

ӘЛЕМ АНАЛАРМЕН БАҚЫТТЫ!

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУЫ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерейлі мереке иелерінің бір тобы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің салтанатты қабылдауында болды. Қабылдауға қатысушылардың қатарында аймақтың әлеуметтік -экономикалық дамуына, мәдениеті мен руханиятының, өңір халқының әлеуетінің өсіп- өркендеуіне өлшеусіз үлестерін қосқан алдыңғы толқын өкілдері мен бүгінде әр салада еселі еңбек етіп, бизнесте абыройлы да адал қызметімен, елеулі табыстарымен елінің құрметіне бөленіп жүрген қыз-келіншектер болды.

Читать далее »

ОБЛЫС ӘКІМІ «ШЕВРОН» ӨКІЛІН ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімінің атқарушы директоры Скот Дэвисті қабылдады. Жүздесу барысында «Шеврон» корпорациясының Қазақстанмен серіктестігіне 20 жыл толуына орай өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды.
Атырауға арнайы келген С.Дэвис мырзаға «қош келдіңіз» айтқан облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы екіжақты берік серіктестіктің қалыптасуы және «Теңізшевройл» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуы атап өтілмек мерейтоймен құттықтады.

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режиміндегі кезекті селекторлық мәжілісі болып өтті. Мәжілісте «Республикамызда кәсіпкерлікті дамыту мен бизнес-климатты жақсарту туралы» және «Қазақстанда кедендік бақылауды әкімшіліктендіру жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы туралы» мәселелер қаралып, талқыланды.

Читать далее »

ӘЗІРБАЙЖАНМЕН ӘРІПТЕСТІК АРТАДЫ

Атырауға Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рашад Маммадов пен «Қазақстандағы Әзірбайжанның Бизнес инвестициялар ассоциациясының» президенті Рафат Алиев бастаған делегация келіп, екі ел арасындағы сауда-саттық айналымын арттыру, бизнесті дамыту мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Лариса Жұмағалиева өңірдегі кәсіпкерліктің жай-күйімен таныстырды.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Читать далее »