Саясат

ПОШТА ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТУ – бүгінгі күн талабы

«Қазпошта» акционерлік қоғамы - республика көлемінде пошталық, қаржылық және логистикалық қызмет түрлерін көрсететін пошта байланысының ұлттық операторы. Сондай-ақ, жақында ғана өңірімізге енген «Халықтық IPO» бағдарламасы да осы акционерлік қоғам арқылы жүзеге асырылуда. Алайда, жергілікті халықпен етене байланыста қызмет атқарып отырған мекеменің жұмысына сын айтушылар да аз емес.

Читать далее »

СӨЗ БЕН ІСТІҢ БІРЛІГІ НЕМЕСЕ, АЛТЫ АЙДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ТАБЫСЫМЫЗ БАР

Жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастап құлсарылық балалар үш ауысымдық жүйемен оқудан құтылатын болады. Құлсары қаласында бой көтерген 624 орындық мектеп бірінші қыркүйек күні пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жөнінде Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді.

Читать далее »

ЖЕРДІҢ ДЕ КИЕСІ БАР

zherdingfdОблыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен өткен өңірдегі жер қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісіндегі әңгіме жер телімдерін түгендеу төңірегінде өрбіді. Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты алдымен облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Тұрарбек Сұлтанбековтің баяндамасы тыңдалды.

Читать далее »

«Табыс бар, тоқмейілсуге негіз жоқ»

tabusОблыс басшысы жартыжылдық қорытындысына осылай деп баға берді

 Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Өңірлердің өркендеуі – елдің дамуы. Мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарынан орын алуға деген ынтасы, ұмтылысы тиісті деңгейде жемісін беруде. Бұның дәлелі ретінде еліміздің қазіргі ұстанған бағыты мен жеткен жетістіктерін айтуға болады. Соның ішінде Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан республика бойынша алдыңғы лекте келе жатыр.

Читать далее »

ТҰРҒЫН ҮЙ – ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ

fgdgdfgdfgКеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауы өтті. Әдеттегідей, бұл жолы да тұрғын үйдің толғақты мәселе болып тұрғандығына тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Аймақ басшысының қабылдауына алдымен кірген соғыс және еңбек ардагері, Атырау қаласының Құрметті азаматы Әлібек Түсібәлиевтің өтініші орынды екенін байқадық. Жасы тоқсанға таяған қария 2005 жылдан өзіне берілген қаланың Владимирский көшесі, 23-б үйдің 13-пәтерінде (үш бөлмелі, ауданы 100 шаршы метр) тұрады. Айтуынша, баспанасы жанына жайлы, тұрмысына сайлы, тек бір айыбы – бесінші қабатта орналасқандығы. Сонысы қартайған адамның кіріп-шығуына, жүріп-тұруына қиындық келтіретінін, осы жағын ескеріп, пәтерін төменгі қабаттағы баспаналардың бірімен алмастыруға болмас па еді, деген ойын жеткізді.

Читать далее »

МІНСІЗ ҚЫЗМЕТКЕ – ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

422fwsdБұған дейін де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, үстіміздегі жылғы маусым айының 6-7-і күндері Атырауда «Қашаған-2013» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары ұйымдастырылды.
Еліміздің Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайловтың қатысуымен және тікелей басшылығымен өткізілген осы екі күндік шараның маңыздылығы сонда, ол бүкіл әлем көз тіккен теңіз қайраңындағы алып кеніштен «қара алтын» кенін игере бастаудың алдындағы аса ірі сынақ еді.

Читать далее »

ТАРИФТІ ЖЕТІЛДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

tarifteКеше ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режиміндегі кезекті селекторлық мәжілісі болып өтті. Оған Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.
Мәжілісте еліміздегі тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындарда - табиғи монополия субъектілерінде жаңа тариф саясатын жетілдіру» жайында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлама жасады.

Читать далее »

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ: «ЕЛБАСЫ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ – ХАЛЫҚҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ»

2uiokjОблыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы ІЗМҰХАМБЕТОВ облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері мен «Қазақстан-Атырау» телеарнасы үшін арнайы сұхбат берді. Аймақ басшысы өзі облыс әкімі қызметіне кіріскеннен бергі өткен он айдың ішінде атқарылған және нақты қолға алынған іргелі істер мен алдағы мақсатты жоба-жоспарлар хақында әңгімелеп, журналистердің көкейкесті сауалдарына жан-жақты жауап қайтарды.

Читать далее »

ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСҚА – КЕҢ ӨРІС

sld40Сейсенбіде Венгрия Республикасының агроиндустрия саласындағы ірі бизнестік құрылымдарының бірінен саналатын «Агрометал» корпорациясының өкілдері Атырауға келді. Олар алдымен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қабылдауында болды.

 

Читать далее »