Саясат

«НҰР ОТАННЫҢ» ЖАҢА ДОКТРИНАСЫ

Еліміздің саяси өміріндегі жетекші күш саналатын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы ұсынған Доктрина жобасы азаматтық қоғам тарапынан үлкен талқылау туғызуда. Бұлай болуы заңды да. Өйткені, партияның ХХІ ғасырдағы негізгі құндылықтары, миссиясы мен тарихи жауапкершілігі анықталған доктрина «Нұр Отанның» басты құжаты болып отыр.

Читать далее »

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ТОПТАСТЫРУ

ауылды өркендетуге септігін тигізеді
Кеше ҚР Премьер-министрі С.Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында ауылдарды дамыту мәселелері қаралып, оған өңірден облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, облыс және қала әкімі орынбасарлары, салалық құрылым басшылары мен сайланған ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілісте өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин тіректі ауылдарда жеткілікті өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатынын мәлім етті.

Читать далее »

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының әлеуметтік сарапшылар тарапынан сын садағына алынғанына да біраз уақыт болып қалды. Республика бойынша оның орындалу деңгейін бақылап отырған сарапшылар «сын көтермейтін бағдарлама» деген айдарды әлдеқашан тағып та қойды. Облыс әкімінің міндетін атқарушы Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен өткен жиын барысында да аталған бағдарламаның өңір деңгейінде баяу орындалып жатқандығы баса айтылды.

Читать далее »

БҰҚАРА МҰҚТАЖЫНА – СЕРГЕКТІКПЕН

«Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындармен кездесті. Қабылдауға келген әр тұрғынның әртүрлі мәселесі болды. 
Өңірдің экологиялық жағдайына алаңдаған зейнеткер Әліп Кенжеғұлов аталмыш мәселені халық қалаулысы назарына ұсынды. Қалада жасыл желектің аздығын айтқан зейнеткер аймақ үшін ағаш өсірудің маңызы зорын айтты. Сонымен қатар, бұрын Атырау әуежайы маңында Ресейдің уран өндіргенінен де депутатты құлақтандырған Ә.Кенжеғұлов бүгінде сол әуежай топырағын тұрғындардың пайдаланып отырғанын және оның зияндығының ұшан-теңіз екенін де жеткізіп, осы мәселенің Үкімет деңгейінде қаралуына ықпал етуін сұрады. Қарттың тілегін тыңдаған Серік Тұрарұлы зейнеткер өтінішінің жерде қалмайтынына сендірді.

Читать далее »

СӘУЛЕТ ПЕН ДӘУЛЕТ

Экономикалық жетістіктің жоғарылығына қарамастан, облыстың әлеуметтік даму деңгейі әлі де жақсаруды қажет ететін салалар бар. Мәселен, білім саласы бойынша тарқатар болсақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі орта нәтижені көрсетсе, денсаулық саласында да «асығымыз алшысынан тұрғанға» ұқсамайды.

Читать далее »

МЕКТЕПТЕР ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БА?

Ағылшын тілі енді бірінші сыныптан бастап оқытылатын болады. Жаңа оқу жылының басты жаңалығы жөнінде Үкімет үйінде Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді. Онлайн режимінде өткен жиынға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысты.

Читать далее »

АГРОКЕШЕНДІ ДАМЫТУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық жиын барысында 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі бағдарламаның негізгі мақсат-міндеттері мен жалпы механизмі туралы кеңінен әңгіме болды. Онлайн режимінде өткен жиынға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатынасты.

Читать далее »

САЛАУАТТЫ АДАМ САУ ЖҮРЕДІ

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының базасында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық емханалар, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Бұл гепатит. Оны біл. Одан қорған» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өткізілді.

Читать далее »

МЕДИЦИНА АРДАГЕРІНІҢ МЕРЕЙЛІ СӘТІ

Мұнайлы өлке медицинасының дамуына сүбелі үлесін қосқан Хайролла Қалжігітов сексеннің сеңгіріне шықты. Мерейгерді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдап, шынайы құрметін көрсетті. 
- Еліміздің денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек еткен аса белгілі жандардың бірісіз. Атырау өңіріндегі әрбір отбасы Сізді біледі, сыйлайды десем, артық айтқандығым болмас. Өйткені, облыс медицинасының дамуы өзіңіздің есіміңізбен тікелей байланысты, бүгінгі білікті дәрігерлер Сіздің шәкірттеріңіз екенін жақсы түсінеміз,-деп сөз бастаған аймақ басшысы мерейтой иесін облыс әкімдігі атынан құттықтап, алғысын білдірді. Ізгі тілектерін арнаған ол естелік сыйлықтар мен гүл шоғын табыс етті.

Читать далее »

БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020»: міндет үлкен, меже көп

Сөз жоқ, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы талай кәсіпкер кәсібін дөңгелентіп үлгерді. ҚР Өңірлік даму вице-министрі К. Өскенбаев алдымен бағдарламаның төрт бағыты бойынша жасалған жұмыстарға есеп берді. Мәселен, ел бойынша 642 млрд.теңгеге 2861 жоба субсидияланса, 21 млрд.теңгеге 204 жобаға кепілдік берілген. Жаңадан іс бастаған 137 кәсіпкердің бизнесін қолдау үшін грант бөлінген. Қырық мыңнан астамы «Бизнес-кеңесші» курсынан өткен. «Іскерлік байланыстар» бизнес-тренингінен 1123 кәсіпкер оқытылса, 64-і Германияға, 82-сі АҚШ-қа барып тәжірибеден өтіп келген. 

Читать далее »