Саясат

ТҰРҒЫНДАР СҰРАНЫСЫНА – СЕРГЕК КӨЗҚАРАС

Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әр тұрғынның әртүрлі себеп-уәжі болды, қала басшысына өз мұңдарын айтып, барынша көмектесуді сұрады. Әдеттегідей, кезекті қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан түскен сұрақтардың басым бөлігі – жер телімі, пәтер мәселелері. 

Читать далее »

ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚҚА НАҚТЫ ЖАУАП ҚАЙТАРЫЛДЫ

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңестің төрағасы Мұхит Кәрімұлы Ізбанов қоғамдық қабылдау өткізіп, Қызылқоға тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды.

Читать далее »

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ

Атырау қалалық әкімдігі қызметкерлерінің үстінен жеті бірдей сыбайлас жемқорлық фактісі анықталыпты. Соның ішінде мемлекеттік қызметкердің біреуінің үстінен үш бірдей қылмыстық іс қозғалып жатқан көрінеді. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоғыз айындағы бұл мәлімет туралы «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында қала әкімінің орынбасары Амантай Айтбаев мәлімдеді. «Аталған жайттар биыл анықталғанымен, жемқорлық фактілер 2009-2011 жылдардағы жұмыс барысында орын алған» деп атап өтті ол.

Читать далее »

ТАЛАП ТА, ТАЛҒАМ ДА КЕРЕК

Бұл күндері ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Ізбановтың төрағалығымен аудандарда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызмет персоналын бағалау жөнінде және мемлекеттік органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы» көшпелі семинарлар өткізілу үстінде. Семинардың кезекті отырысы Жылыой ауданында өтті.

Читать далее »

ХАЛЫҚТЫҚ IPO: ТАБЫСТЫ МОЛАЙТУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ

Осы күзде еліміздегі энергия таратушы бірегей компания «КЕГОК»-тың акциялары қор нарығына жол тартпақ. Ендеше, тағы да «халықтық» акционер болуға әзірміз бе? Біз биржадағы соңғы жаңалықтар туралы білмек оймен брокерлік компанияның кеңесшісі Қайырлы ЖҰМАҒАЗИЕВТЫ редакцияға шақырдық. Тәжірибелі маман түрлі сауалдарымызға тосылмастан жауап берді. 

Читать далее »

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ

Жұма күні Орталық Коммуникациялар Қызметiнде өткен баспасөз мәслихатының кезекті қонағы Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымының басшысы Нұрлан Ерiмбетов болды. Ол өзге мәселелермен қатар, үкiметтiк емес ұйымдарды қаржыландыру жүйесiнің өзгеретіндігі туралы журналистерге тұшымды етіп айтып берді.

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА – ҮЛКЕН ҮМІТПЕН

«Нұр Отан» партиясының тарихи маңызы зор кезектен тыс ХV съезінен кейін алдымызға биік межелер белгіленді. Қазіргі таңда әрбір ұжымда съезд шешімдерін талқылау мен насихаттау кең өріс алды. «Нұрбастау» бастауыш партия ұйымы да бұл жұмыстардан тыс қалмай, әрбір азаматқа партияның басты мұраттарын түсіндіріп, Елбасының нақты тапсырмаларын орындауға жұмылуда.

Читать далее »

ТАЛАП ТА, МІНДЕТ ТЕ АЙҚЫН

«Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мақсот Мұқановтың төрағалығымен жүргізілді.

Читать далее »

АВТОМЕКТЕПТЕРГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙДІ

Қазақстанда жүргізушілерді оқытуға немқұрайлы қараған автомектептер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өйткені, бұл оқу орындары болашақ жүргізушілерге тиісті білім бермейді. Оқыту деңгейлері де тым төмен. Сондықтан, бұл берекесіздікке тоқтау салынатынын сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха ескертіп отыр.

Читать далее »

ЖАСТАР КӨТЕРЕР ЖҮК АУЫР

Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының негізгі миссиясы – жастардың, соның ішінде ауыл жастарының әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру, жастарға арналып жасақталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру болып табылады.

Читать далее »