Мәжіліс депутаттары Атырауды аралап жүр

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты жұмыс сапарымен кеше Атырауға келді.     «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытгүл Хаменова, Жанат Жарасов және Ерсұлтан Бектұрғанов  партия филиалы аппараты қызметкерлерімен, партия ардагерлерімен, қалалық, облыстық мәслихаттардың депутаттарымен, жастар ұйымдарының жетекшілерімен кездесті.    «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев кездесуді ашып, […]

Continue Reading

Атырау қаласының әкіміне сауал жолдай аласыз

Атырау қаласы әкімі халық алдындағы есебі қарсаңында тұрғындар әкімге жазбаша түрде өз сауалдарын жолдай алады. Сауал жазылған хаттарға арналған қораптар келесі мекен-жайларда орнатылады: Сәтпаев көшесіндегі ХҚКО-да, Баймұханов көшесіндегі ХҚКО-да, Авангард ықшам ауданындағы қалалық жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ «Сарайшық» базарында. Хаттарға байланысты кері байланыс үшін міндетті түрде телефон нөмірі мен мекен-жай көрсетілуі тиіс. 

Continue Reading

«Барлық бастама жастар мен отбасыларды дамытудың Жол картасында көрініс табуы тиіс»

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзі: Қымбатты достар! Бүгінде біздің өміріміздің барлық саласы – білім беру, жұмыс, отбасы, тіпті бір-бірімізбен қалай сөйлесетінімізге дейін елеулі өзгеріске ұшырап отыр. Осының бәрі әрбір адамның даму траекториясына және тұтастай алғанда, бүкіл әлемге түбегейлі ықпал етеді. Көз алдымызда цифрлы қоғамы мен білім экономикасы бар жаңа жаһандық өркениет […]

Continue Reading

Жылыой ауданында жаңа су таратқыш салынады

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Жылыой ауданына барды. Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қарқынды даму әлеуеті жоғары ауданда 2018 жылы көп жұмыстар атқарылды. Өткен жылы ауданда 31,5 млн тонна мұнай, 15,8 млрд текше метр газ өндірілді. Аудан әкімі Азамат Бекеттің айтуынша, құрылыс саласына 444 млрд теңге инвестиция салынды. Құлсарының жаңа ықшам аудандарына […]

Continue Reading

Азат Перуашев: Қазақстан емес, Қазақ республикасы аталуы керек

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды. «Қазақ республикасы» атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынамыз.  Негізінде мұндай бастаманы бес жыл бұрын «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын талқылау барысында Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Елбасының ұстанымын жүзеге асыратын уақыт келді деп ойлаймын. Қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ  деп өз атымен атауымыз керек. Республикаға тоталитарлық биліктің […]

Continue Reading

Елбасы Үкіметке “Жас маман” бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметке “Жас маман” бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бағдарлама 100/200 қағидаты бойынша жұмыс істейді. “Біз оның аясында 200 жаңғыртылған оқу орны базасында ең қажет индустриялды-сервистік 100 мамандық бойынша мамандар даярлығымыз келеді. Әр өңірде бір университетті үздік ету керек. Назарбаев университетіне жақындату керек” деді президент Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында. Сондай-ақ, […]

Continue Reading