Саясат

САЯСАТ ҚАБДЫРАХМАНОВ, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «БІРЛІГІМІЗ БЕКИ ТҮСЕДІ»

1. - «Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» деген ұғым бізде идеологияға айналған. Сол идеологияның нәтижесінде ұлттар арасындағы тепе-теңдік сақталып, мәселелер осымен шешімін тауып жатыр. Оның үстіне, Парламентте де белгілі бір деңгейде орны бар мекеменің маңыздылығы зор. Өз басым Ассамблеяны еліміздегі татулықтың бірден-бір символы деп санаймын. Демек, биыл  ұлттар мен ұлыстардың татулығын одан әрмен дамытуға, одан әрі тереңдетуге көптеген  жұмыстар атқарылатын жыл деп санаймын. Бұл жыл Ассамблеяға да үлкен жауапкершілік артады.

Читать далее »

АЙЫРБАСТАУҒА КЕЛМЕЙТІН АЛТЫН МЕКЕН

Қазақстан халқы Ассамблеясын аз ғана этникалық топтардың өкілдігі деп түсінетіндер қатты қателеседі. Бұл орайда, ұйым пәрменін арттыратын шаралар қолдануды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де басты назарда ұстауда. Елбасының сарабдал саясатын жергілікті корей ұлтының өкілдері де құп көріп отыр.   

Читать далее »

«ҰЛТЫМ КӘРІС БОЛСА ДА, ТІЛІМ – ҚАЗАҚ»

Атырау топырағында тереңге тамыр жіберіп, тату-тәтті тұрмыс кешіп отырған көп ұлттың бірі – корей халқы.
Бүгінде облыста 30-дан астам ұлт өкілі ынтымақтастықпен өмір кешуде. Ал, кәрістер саны 3 мыңнан асып жығылады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Кеңестік саясат салдарынан Қазақстанға жер аударылған кәрістердің ұрпақтары еліміздің дамуына өздерінше атсалысып келеді. Осындай кәріс ұлтының бір өкілі – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Анжела КИМ. Оның басқалардан бір артықшылығы – қазақ тілін ана тілі ретінде қабылдаған. Жақында бізге Анжеламен кездесудің сәті түсті.

Читать далее »

ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ДЕМ БЕРУШІСІ

ұлт  үшін  үлкен  істерді  тындырып  жүр

Дервиш Қылыш. Түркия жерінде дүниеге келіп, отау құрып, бала өсірген, бүгінгі таңда сол елде тұратын 21 000 қазақты біріктіретін қауымдастық басшысы болып жүрген қандасымыз.

Читать далее »

ТАТУЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІН БІЗДЕН КӨРСІН!..

Төңкеріс пен алапат аштықты, одан қалса жаппай қуғын–сүргін мен Ұлы Отан соғысы жылдарында талай тағдыр теперіші мен әділетсіз саясатты бастан өткерген Қазақстан,  аңсаған азаттықтың алғашқы жылдарында-ақ, толғағы жеткен мәселелермен бетпе-бет қалды. Мемлекетіміздің сындарлы саясатының арқасында халық­ара­лық нормаларға сәйкес Қазақстан шекарасын айқындау, оны көр­ші­лер тарапынан мойындату және нығайту бағытында орасан зор мін­деттер жүзеге асырылды. 

Читать далее »

БАҚЫТТЫҢ БӘРІ – БІРЛІКТЕ

Қазақ халқының «Бір күн ұрыс-жанжал болған үйден қырық күн несібе кемиді» деген мақалы тегін айтылмаған ғой. Кең-байтақ Қазақстанды мекендеген ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігі кез-келген күрделі мәселенің кілті секілді. Ел бірлігі барда шешімін таппайтын іс жоқ. 

Читать далее »