Саясат

БАҒДАРЛАМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуында алға қойған тапсырмаларының орындалысын қадағалау мақсатында іссапармен Атырау облысына келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде болып, студент жастармен кездесті.

Читать далее »

АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП, ПРОБЛЕМА ДА АЗ ЕМЕС

«Атыраубалық» акционерлік қоғамының жұмысшыларға қарызы бүгінде 30 миллион теңгенің үстінде. Бұған дейін жұмысшыларға берілуі тиіс жалақының 49 миллион теңге көлеміндегі сомасын кәсіпкерлерді жұмылдыра отырып төледік. Жұмыссыз қалған балықшылардың мәселесі тіптен күрделі күйінде қалып отыр. Осы проблема Үкімет деңгейіне дейін жетсе де, шешілмей келеді. Үкімет оң шешім шығаруға ықпал етсе, жұмыссыз қалған бірнеше жүздеген балықшыны қайтадан еңбекке тартқан болар едік» деп мәселе көтерді Мәжіліс депутаттарын қабылдаған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өзара пікірлесу барысында.

Читать далее »

ҚҰЛСАРЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖАСАҚТАЛУДА

Аудан әкімдерінің республикалық және облыстық БАҚ өкілдерімен өткізіп жатқан брифингін Жылыой ауданының әкімі Максим Шафихұлы Ізбасов аяқтады. Өңір басшысы әдеттегідей әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап өткен соң журналистердің сауалдарына жауап берді.

Читать далее »

ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

Жылыой ауданы – ежелден өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар өрістеген өңір. Сонау жылдары-ақ тұтас облыстың экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан аймақ тәуелсіздік жылдары қайта түлеп, соны серпінмен қанатын жайды. Төсінен Теңіз тәрізді аты әлемге әйгілі кен орны ашылды. Оның өнімі күллі республиканың көмірсутегі шикізатын өндіру көрсеткішіне оң әсер етті. Ескі кеніштердің екінші өмірі басталып жатыр, оларда да геологиялық іздестіру шаралары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары атауын өзгертіп, меншік түрін ауыстырғанымен, аудан халқының сұранысын өтеп отыр.
Міне, осы және өзге бағыттағы сауалдарымызға Жылыой ауданының әкімі Максим Ізбасов жауап береді.

Читать далее »

«KazSat-3» КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ҰШЫРЫЛАДЫ

Сейсенбіде Орталық Коммуникациялық Қызметінде өткен брифингте ресми өкіл Алтай Әбибуллаев журналистерді осы аптадағы маңызды шаралармен таныстырды. Айтуынша, 3-4 желтоқсанда Мемлекет басшысының Оңтүстік Африка Республикасына мемлекеттік сапары жоспарланған болатын. Дегенмен, Президенттің жұмыс кестесіндегі өзгерістерге байланысты сапар мерзімі басқа күнге ауыстырылып отыр.

Читать далее »

КЕЛЕСІ БРИФИНГТЕ – АТЫРАУ ҚАЛАСЫ

2013 жылғы қазан айынан бері Атырау қаласы мен аудан әкімдерінің брифингі аймақтық деңгейде жалғасын табуда. «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратында орналасқан «Жайық-Ақпарат» баспасөз орталығында 10 желтоқсан, сейсенбі күні кешкі сағат 17.00-ге белгіленген кезекті баспасөз мәслихатын Атырау қаласы әкімі Серік Айдарбеков өткізеді.
Брифинг «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан тікелей көрсетіледі..

Читать далее »

Атырау қалалық Мәслихаты депутаттарының есіне!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 баптарына сәйкес V шақырылған Атырау қалалық мәслихатының сессия төрағасымен Атырау қалалық мәслихатының кезекті ХХ сессиясын шақыру туралы шешімі қабылданды.

Читать далее »

СӨЗ БЕН ІСТІҢ БІРЛІГІ ҚЫМБАТ

немесе Елбасы тұсауын кескен кәсіпорындарда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында кезінде қолға алынып, бүгінгі күні қызметтерін тоқтатқан жобалар мен бұл бағыттағы атқарылмай жатқан жұмыстарды сын тезіне алды. Бұл – Президенттің жіті бақылауды талап етіп отырған мәселелерінің бірі. Елбасының тапсырмасымен облысымыздағы тұсауы кесіліп, алғашқы қадамы жасалған, Президенттің өзі барып іс барысымен жіті таныс болған мекемелер, кәсіпорындардың қазіргі аяқ алыстары қандай дәрежеде? Сенім үдесінен шыға алды ма? Әңгіме арқауы осы жөнінде болмақ.

Читать далее »

КЕЛЕСІ БРИФИНГТЕ – ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

2013 жылғы қазан айынан бері Атырау қаласы мен аудан әкімдерінің осындай брифингі аймақтық деңгейде жалғасын табуда. «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратында орналасқан «Жайық-Ақпарат» баспасөз орталығында 3 желтоқсан, сейсенбі күні кешкі сағат 17.00-ге белгіленген кезекті баспасөз мәслихатын Жылыой ауданының әкімі Мақсым Шафихұлы Ізбасов өткізеді. Брифинг «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан тікелей көрсетіледі

Читать далее »

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ ЗАҢМЕН ШЕШІЛЕДІ

Президенттің  берген  тапсырмасы  да осы

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жеке қабылдауына жазылған он бес шақты азаматтың бәрінің де айтар арызы, шағар мұңы бар. «Шешімін тапса екен» деген үкілі үмітпен табалдырықтан аттайды. Әйтсе де, атқарушы биліктің де мүмкіндігі шектеулі. Тұрғындар тілегіне қаншама түсіністік танытқанымен, қолданыстағы заңдылықтарды да аяқасты етуге болмайды.

Читать далее »