Саясат

ЕЛ СЕНІМІН АРҚАЛАҒАН ЕЛЕУЛІ КЕЗЕҢ

Үстіміздегі жылдың наурыз айында жаңа сипаттағы өкілетті орган – мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толғалы отыр. Осынау атаулы датаға орай, облыстық «Атырау» газеті өз парақтарын жаңа айдармен толықтырды. Ондағы мақсат – жиырма жыл ішінде еліміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси дамуы жолында жергілікті мәслихаттар атқарған жұмыстарды саралау, билік пен бұқараны жақындатудағы мәслихаттардың ролін бағалау, игі істерімен ел құрметіне бөленген мәслихат депутаттарының еңбегін зерделеу.
Жаңа айдарымыздың әлқиссасын Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Сағындық Есенғалиұлы ЛҰҚПАНОВ ашады.

Читать далее »

АЙТЫЛҒАН СЫН ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСА…

Мұқыр ауылдық округінің орталығындағы Мұқыр орта мектебінің мәжіліс залында тұрғындар алдында есеп берген Мұқыр ауылдық округінің әкімі Естай Мақсотов «Мұқыр ауылдық округінің 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылы алда тұрған міндеттер» туралы баяндады.
Ауыл әкімі 2014 жылы атқарылатын міндеттерге тоқталды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, округ халқын тұрақты көкөніс өнімдерімен қамту мақсатында жылыжай құрылысын және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалы арқылы несие алып, құс өндіру цехын салу жоспарлануда. Бұл игілікті жұмыстарды жеке кәсіпкерлер Марат Бақытов пен Амангүл Сәрсенғазина қолға алуды ұйғарып отыр.

Читать далее »

ЖАРСУАТТАҒЫ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР

Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылдық округінің әкімі Нәсіпқали Азғалиев өткен жылдың қорытындысы және биылға арналған міндеттері жөніндегі есебін берді. Ол «Таза су» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары «Индер - Атырау» тасжолы салынған жағдайда ауылдағы кірме жолдарды жөндеудің жоспарға енгізілгеніне тоқталды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын сөз еткен әкім «Қай-Нұр» шаруа қожалығы Жарсуат, Құрылыс ауылы тұрғындарын сумен қамтамасыз етіп, үй алдына көкөніс, жеміс ағаштарын өсіруіне көмегін тигізгенін айтты.

Читать далее »

БІРЛЕСКЕН ІС ҚАНА БЕРЕКЕЛІ

Селолық округте жаяу жүргіншілер жолын салып, көшелерді асфальттау, жасанды жол кедергілерін орнатып, ауыл тазалығын сақтауда тұрғындармен бірлескен жұмыс жүргізу қашан да басшылықтың назарында болады. Бұл жөнінде Атырау қаласына қарасты Еркінқала селолық округінің әкімі Ерғали Тапановтың тұрғындар алдында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылдың міндеттері туралы есебінде атап айтылды.

Читать далее »

АУЫЛДАҒЫ АГРОФИРМАЛАР

қолдауға қайтарыммен жұмыс жасауы тиіс

Газетімізде бұған дейін хабарланғанындай, үстіміздегі апта басында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте ауылдағы шаруаның ахуалы жан-жақты талқыланды.

Читать далее »

БАСҚАРМАЛАР НЕ ТЫНДЫРЫП ЖАТЫР?

Дәулетімізге сәулетіміз сай болса...

Өткен жылы бастау алған облыстық басқармалардың баспасөз бетінде өзіндік есеп беруі биыл да жалғасады. Осы орайда тындырылған істерді жалаң баяндаудан гөрі орын алған олқылықтардың объективті және субъективті себептері де сараланғаны жөн.

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ

Сейсенбіде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы - Тәртіптік кеңестің төрағасы Мұхит Избановтың басшылығымен облыстық Тәртіптік кеңестің жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысып отырды.

Читать далее »

АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Апта ішінде ауыл әкімдерінің есеп беру жиындары басталды. Атырау қаласына қарасты Геолог селолық округінің әкімі Нұржан Жұмаханов Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте тұрғындар алдында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылдың міндеттері туралы баяндады. Оған шаһар басшысы Серік Айдарбеков қатысты.

Читать далее »

АМАНАТ АРҚАЛАУ – АЗАМАТҚА СЫН

Сонау 2009 жылдың күзі еді. Облыстық мәслихаттың кезекті сайлауы қарсаңында біраз адамнан жасақталған ынталы топ Құрманғазы ауданының ауылдарын араладық. Жұртшылық талқысына ұсынып жүрген кандидатымыз – «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Оразғали Төлеуғалиұлы ҚАРШЕГЕНОВ.

Читать далее »

БИЗНЕС-ФОРУМ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ?

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте еліміздегі кәсіпкерліктің дамуы және сәуір айында Алматыда өтетін Еуразиялық бизнес-форум туралы айтылды.

Читать далее »