Саясат

САҒЫЗДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛІП КЕЛЕДІ

Қазіргі таңда ауыл әкімдері халық алдында есепті мерзімдегі жұмысын талқылап, алдағы бағыт-бағдарымызды анықтап алу үшін жиналыстар өткізуде.
Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы аграрлы техникалық колледждің мәжіліс залына жиналған тұрғындар алдында өткен есеп беру жиналысында «Сағыз ауылдық округі бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы» ауыл әкімі Серік Тұрыш баяндама жасады.

Читать далее »

ЖЫРАҚТАҒЫ АУЫЛДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Махамбет ауданындағы Ақжайық селолық округінің 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алда тұрған міндеттерді талқылауға арналған тұрғындар жиынында округ әкімі С.Жұмағалиев баяндама жасады.
- Ең басты қуанышымыз, ауылымызға жол келді. Жұртшылық оның игілігін көріп, қала мен аудан орталығына жол қатынасы жақсарды. Мәдениет үйі мен дәрігерлік емхана құрылыстары басталып, осы жылы аяқталады деп отырмыз, - деді әкім.
Тоғыз айлық есеп беру жиынында Ақжайық селолық округі бойынша екі ұсыныс-пікір болған. Оның біріншісі, балалар бақшасына төленетін жарналарды байланыс бөлімшесі арқылы төлеу еді, бұл мәселе өз шешімін тапты. Екіншісі, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алушы санын көтеру болатын. Бұл жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, бір адам наубайхана ашу үшін 3 миллион теңге несие алды, қазіргі күні наубайхана құрылысын жартылай аяқтап, ішіне қажетті құралдарын алу үшін жұмыстануда.

Читать далее »

АУЫЛДАҒЫ АГРОФИРМАЛАР

қолдауға қайтарыммен жұмыс жасауы тиіс

Газетімізде бұған дейін хабарланғанындай, үстіміздегі апта басында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте ауылдағы шаруаның ахуалы жан-жақты талқыланды.

Читать далее »

БАСҚАРМАЛАР НЕ ТЫНДЫРЫП ЖАТЫР?

Дәулетімізге сәулетіміз сай болса...

Өткен жылы бастау алған облыстық басқармалардың баспасөз бетінде өзіндік есеп беруі биыл да жалғасады. Осы орайда тындырылған істерді жалаң баяндаудан гөрі орын алған олқылықтардың объективті және субъективті себептері де сараланғаны жөн.

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТШІСІ

Сейсенбіде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы - Тәртіптік кеңестің төрағасы Мұхит Избановтың басшылығымен облыстық Тәртіптік кеңестің жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысып отырды.

Читать далее »

АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Апта ішінде ауыл әкімдерінің есеп беру жиындары басталды. Атырау қаласына қарасты Геолог селолық округінің әкімі Нұржан Жұмаханов Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте тұрғындар алдында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылдың міндеттері туралы баяндады. Оған шаһар басшысы Серік Айдарбеков қатысты.

Читать далее »

ӨНЕГЕНІҢ БӘРІ ӨЗІМІЗДЕН БОЛСЫН…

Кеше «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Облыс әкімі, жергілікті филиалдың басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов төрағалық еткен жиында бірнеше мәселе қаралды. Алдымен партиялық тәлімгерлердің тізімі бекітілді.

Читать далее »

ТАПСЫРМА орындалуымен құнды

Былтырғы жылдың елеулі оқиғаларының бірі 2013 жылдың 11 қазанында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтік кеңес болатын. Атқарушы биліктің жұмысына сын артқан Елбасы Үкіметке қадау-қадау тапсырма жүктеп, ондағы әңгімелер кейін қоғам тарапынан да қызу талқыланғаны есте. Сондықтан болса керек, қаңтардың 10-ында Үкімет үйінде атқарушы билік өкілдері ағымдағы жылғы алғашқы басқосуына жиналып, онда Мемлекет басшысының өткен жылдың 11 қазанындағы  Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Читать далее »

ЖАҢА ДОКТРИНА ЖЕҢІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

Өткен  жылы  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың қатысуымен Астанада «Нұр Отан» партиясының XV съезі өтті. Съезде жиналғандарға партияның жаңа Доктринасы жария етілді. Оны делегаттар бірауыздан қолдады. Бүгінде осы саяси құжаттың мәні мен маңызы халыққа кеңінен түсіндірілуде. Сондықтан, біз де «Нұр  Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат БЕКТЕМІРОВТІ әңгімеге тартқан едік.

Читать далее »