Саясат

АУЫЗ СУДЫҢ ҚАДІРІ

немесе, халық қалаулылары неге алаңдайды?

Үстіміздегі жылдың тамызынан бастап «АтырауСуАрнасы» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны тарифін көтергелі отыр. Яғни, әр текше метр су бағасы жеке тұрғындар үшін 101,33 теңге, ал заңды тұлғаларға 316,72 теңге болып белгіленді. Демек, тиісінше 48,4 және 67 пайызға өсім бар. Міне, осы мәселе облыстық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттары арасында кеңінен талқыланды.

Читать далее »

ЖАСТАРҒА – ЗОР МҮМКІНДІК

«Еркін пікір» дискуссиялық клубы алаңында бес институционалдық реформаны жүзеге асыру тетіктері талқыланды. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған шараға облыстың жұмысшы және студент жастары қатысты.

Читать далее »

ЖІГІТТІҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Мен Мақсым Ізбасовты қай кезден білемін? Жазу столына отырған сәтте өзіме осы сауалды қойдым. Балдәурен балалық шағымнан ба? Әлде бозбалалық белестерімнен бе? Жастығымыздың жарқылы да жадымда. Ересектігіміз де есімде. Қазір де хабарласып тұрамыз.

Бірақ, біраздан бері шешіліп сөйлеспеген екенбіз. Кездескенде көбіне қызмет бабындағы әңгімеден әрі аспаймыз. Онда да не оның, не менің уақытымыз шектеулі. Сол олқылықтың орнын асқаралы алпыстан асқанда толтырғанды жөн көрдім.

Читать далее »

ӘКЕ АМАНАТЫ

Қилымғали әкеден тым жас қалды. Арқа сүйер асқар тауы өмірден өткенде небәрі тоғыз-ақ жаста еді. Қарындасы Меңсұлу тіпті де кішкене болатын. Бірін көтеріп, екіншісін жетектей жүріп анасы Зылиха адам етті.

Читать далее »