Саясат

ПАРТИЯ НАҚТЫ ШЕШІМДЕР КЕЗЕҢІНДЕ

Партияның соңғы Бюросында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қазіргі уақытта жетекші саяси күш ретінде «Нұр Отанның» алдында тұрған маңызды міндеттерді нақтылап айтты. Партияға қазақстандықтарды Бес институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруды, «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуына бақылау орнатуды тапсырды. Қоғамда бірлікті бекемдеп, өңірлермен жұмысты күшейтуге жекелей тоқталды.

Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында партия жұмысын жетілдіруге белсене кіріскен партия Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен  өткен аптада Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Алматы мен Семей қалаларында болды. Аймақтағы партия қызметімен жан-жақты танысты. Партияның жергілікті құрылымдары тарапынан айтылған көптеген ұсыныстарға құлақ түріп, түйінді мәселелерді шешу жөнінде ашық пікір алмасқан Асқар Мырзахметов саяси ұйымның барлық құрылымы алдағы уақытта күш салуға тиісті мақсат-міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Читать далее »

«НҰР ОТАН»: ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫСТЫҢ ЖАҢАША ЖҮЙЕСІ

Бұдан былай «Нұр Отан» қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселелерді ай сайын Премьер-министрдің алдына қойып отыратын болады. Тиісінше, мәселелер бойынша салалық министрліктер нақты жұмыс атқарады. Ондағы мақсат – халық арасындағы проблемалардың неғұрлым жедел шешілуіне жол ашу. Бұл туралы Атырау облысына іссапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов мәлімдеді. Жергілікті әріптестерімен кездескен мәртебелі мейман ендігі жерде партияның жұмыс істеу жүйесінің түбегейлі өзгеретінін айтты. 

Читать далее »

ЗАУЫТТЫҢ ТЫҢ ЖОБАЛАРЫ

еліміздің мұнай-газ саласына соны серпін бермек

Атырауға жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов пен облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нде болып, өлкедегі мұнай саласындағы бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесті.

Читать далее »

ЖАҢА ЖҮЙЕ – ТИІМДІЛІК ЖОЛЫ

«Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы Атырау коммуникациялық қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг кәсіби мемлекеттік аппарат құру тақырыбына арналды. Ол Елбасының 5 негізгі реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамынан туындаған мәселелердің бірі болатын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Марат АХМЕТЖАНОВ осыған орай сала бойынша жасалып жатқан жұмыстарға жан-жақты түсінік берді.

Читать далее »

ЖАС МАМАНДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

«Кең Жылыой» мәдениет үйінде өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік жиын Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Ата Заңымыздың негізгі заң ретінде қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа беттерін ашқаны, еліміздің барлық азаматтарына шыққан тегіне, дініне, саяси көзқарасына қарамастан бірдей құқықтық кепілдік бергені, сонымен бірге құқықтық мемлекет құрып, азаматтық қоғам қалыптастыру бағытындағы біздің міндеттерімізді де нақты айқындағаны тағы да паш етілді. 

Читать далее »

АЙТАРЫМЫЗ АЛҒЫС ҚАНА

Анна ЗАХАРОВА,соғыс және еңбек ардагері, «Фронтовичка» клубының жетекшісі, Атырау қаласының Құрметті азаматы:

Қалыптасқан дәстүр бойынша, міне, тағы да облыс әкімінің ағымдағы жылдың  алғашқы жартысында атқарылған жұмыстардан есепті баяндамасын тыңдап, халық үшін көп жақсылықтың жасалғандығына куә болып отырмыз.

Читать далее »