Саясат

ТАРИФ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ТҰР

Орталық Коммуникациялар Қызметі брифингіне ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасарлары Асылбек Дүйсебаев пен Аманжол Алпысбаев қатысып, тариф саясатына байланысты көптеген жайларды ортаға салды. Белгілі болғандай, қазіргі таңда коммуналдық қызмет көрсету желілерін жаңартып, соның арқасында төлемақыларды азайтуға қол жеткізуді жоспарлап отырған агенттік монополистерді еркіне жібермей, барынша тежеп ұстауда. Атап айтсақ, былтыр тарифті көтеруді сұраған 1073 өтінімді қараған ТМРА оның 406-сына қарсылық білдіріпті. Бұдан басқа, 29-ның тарифін төмендетіп, 478-нің тарифін бекіткен. 

Читать далее »

ДЕПУТАТТЫҢ ӘСЕРЛІ ӘҢГІМЕСІ

Парламент Мәжілісінің депутаты Жалғас Дүйсенғалиев Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназиясында болып, ұстаздар мен оқушылар алдында Елбасы Жолдауындағы маңызды қағидалар мен міндеттер туралы әңгімеледі.

Читать далее »

ҚАРЛЫҒАШ ҚАДАМДАР АЛЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңдерде мемлекеттік басқару саясаты өзгерістерге толы болды. Жаңа құрылымдар дүниеге келді. Бір сөзбен айтқанда, ескі шаруашылық нысандары жойылып, жаңа басқармалар құрылып жатты.

Осындай ірі өзгерістердің  басында мына бір оқиға тұрған еді. Сол кезде төрағасы Ахан Бижанов болған Алматы қалаcы Алатау аудандық Кеңесінің депутаттары кезекті сессиясында елдегі барлық деңгейдегі Кеңестерді тарату жөнінде үндеу қабылдады. Жоғарғы Кеңес депутаты, академик, бүгінде марқұм болған Ө. Жолдасбеков те осындай бастама көтерді. Осы туралы ол баспасөз беттеріне жиі шығып, өз ұсыныстарының оңды мүмкіндіктері жайында насихат жұмыстарын тынбай жүргізді.

Читать далее »

КӨГІЛДІР ОТЫН ҚЫМБАТТАЙ МА?

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режиміндегі кезекті селекторлық мәжілісі өтті. Оған Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тұтынылатын газ бағасын қалыптастырудың жайы қаралды. Бұл туралы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин баяндады.

Читать далее »

СЕНАТОРДЫҢ САЛИҚАЛЫ ҚАБЫЛДАУЫ

Өңірге сапары аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында қоғамдық қабылдау ұйымдастырып,  тұрғындармен кездесті. Сенатормен жүздескен тұрғындар өздерін толғантқан мәселелерге толымды жауап алды.

Читать далее »

ЕЛМЕН ЕСЕЙГЕН ЖЫЛДАР

Еліміз егемендік алған кезеңнен бергі қол жеткізген жетістіктеріміз туралы аз жазылып жүрген жоқ. Әрі талассыз ақиқат дүниелер халықтың көз алдында өтіп жатыр. Мұның бәрі де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі екені ақиқат.

Читать далее »

БАЙЫПТЫ БАҒДАР, БЕРІК БАЙЛАМ

Кеше Құрманғазы және Исатай аудандарының әкімдері халық алдында есеп берді

Қиғаштың  бойы  қызу  еңбек  құшағында

Дүйсенбі күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Құрманғазы ауданына кезекті сапармен барды. Іссапар барысында облыс басшысы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашып, арнайы сыйлық табыстады. Сондай-ақ, бұл күні өңір басшысының қатысуымен аудан орталығында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салтанатты жағдайда ашылды. Одан әрі облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары баяндалған Құрманғазы ауданының әкімі Амангелді Барақатовтың есеп беру жиынына қатынасып, атқарушы билікке бірқатар міндеттер жүктеді.

Читать далее »

«Саламатты Қазақстан»: МІНДЕТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингке еліміздің денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қатысты. Ведомоство басшысы маңызды саланың жай-күйі мен болашақ жоспарларын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл халыққа жолдаған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына сүйене отырып талқылады. Айта кетейік, денсаулық сақтау жүйесіне қатысты барлық мәселелер бұған дейін Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өткен министрліктің алқа мәжілісінде кеңінен сөз болған еді. 

Читать далее »

АЙМАҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА – АЙРЫҚША ДАЙЫНДЫҚ

ХІ Ресей-Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық форумына орай Атырауда алқалы жиын өткізетін арнайы ғимарат салынатын болды. Қала сәулетін толықтыратын ғимараттардың қатарында көрме залы да бар. Бұл жөнінде Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясына қатысқан аймақ  басшысы   Бақтықожа Ізмұхамбетов айтты.

Читать далее »

ЕСКЕРТУ ХАБАРЛАМА НЕГЕ КЕШ КЕЛЕДІ?

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты орын алған жағдайлар туралы кеше Орталық Коммуникациялық Қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Журналистермен жүздесуге бұл жолы республиканың Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко келген болатын. 

Читать далее »