Саясат

ЖАҢА ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Биыл Атырау облысы бойынша индустриялды-инновациялық бес жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Жалпы құны 15548 млн теңгені құрайтын әр түрлі саланы қамтыған жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына 168 адам жұмысқа тартылса, толық қуатына көшкен күнде 972 адам қызметке алынады деп күтілуде.

Читать далее »

ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСКЕ берік байланыс керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын саралап, алға қойған міндеттерді орындау мақсатында Атырау мұнай және газ институтында Есеп және аудит кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік еліміздің жаңа саяси бағыт-бағдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Читать далее »

Жайдарбек ЗАЙДУЛЛИН, Атырау қалалық мәслихатының депутаты: «АМАНАТТАН АСҚАН АБЫРОЙ ЖОҚ»

Егемен елімізбен бірге қалыптасу жолдарынан өткен мәслихаттар өміршең орган екендігін дәлелдеді. Әсіресе, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңдерінде мәслихаттар жергілікті қордаланған мәселелерді шешуде, бұқара мен билік арасындағы байланысты нығайтуда шешуші роль атқарды. Қалалық мәслихат депутаты Жайдарбек Зайдуллинмен арада болған әңгіме мәслихаттардың қалыптасу және даму кезеңіне арналды.

Читать далее »

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Мәслихаттар құрылған 1994 жыл халық үшін де, мемлекеттік басқару жүйесі үшін де қиындау мезгіл болатын. Мақат ауданы бюджетінің халі мүшкіл еді. Кейбір кәсіпорындар салыққа қаражаты болмағандықтан, оны заттай төлейтін. Бірнеше айлап жалақы алмаған, зейнетақы, аурулығына, бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды жылдап ала алмаған фактілер де болды.

Читать далее »

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚАЙТСЕК АРЫЛАМЫЗ?

«Қазақстанға енді шет елдің жұлдыздары келмейтін болыпты. Сөйтсек, қазақстандықтар олардан РНН, СИК-тің нөмірін сұрай беретін көрінеді» деп бірде көңілді тапқырлар клубы ойыншыларының зілсіз әзілдегені бар еді. Сол сияқты бүгінде мектептен басталған қағаз жазып, есеп беру мемлекеттік қызметтің бар саласына дендеп еніп алды. Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында қағазбастылықтан арылу керектігін қайта-қайта қадай тапсырды. 

Читать далее »

«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы облыстағы мемлекеттік қызметкерлер арасында «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу туралы тұжырымдамасы: экологиялық менеджменттің жаңа бағыттары» тақырыбында біліктілік арттыру семинарын ұйымдастырды. Мақсат – «Жасыл экономикаға көшу»  мәселелері бойынша мемлекет  саясатының негізгі бағыттарын айқындау және аталмыш тұжырымдаманың негізгі тәсілдерімен таныстыру.

Читать далее »

БИЫЛ ЖОЛДАРЫМЫЗ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ

Сүйіндік, Миялы ауылдары мен Құлсары қаласынан әуе айлағын салу жоспарланып отыр. Шағын авиация саласын дамыту арқылы елді мекен тұрғындарының облыс орталығымен қатынасын жеңілдетуді көздеп отырған бұл жаңалықтарды өңірімізге іссапармен келген Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев жергілікті активпен кездесу барысында хабарлады.

Министр Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының қабылданғандығын хабарлады. 

Читать далее »

КӨЛІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ

алға  қойылған  басты  міндеттердің  бірі

Транзиттік саясат, жалпы көлік логистикасы жүйесін дамыту. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұқараға дәстүрлі Жолдауында осы мәселелерге айрықша назар аударған болатын. Осыған байланысты облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жол қатынастары саласында туындап отырған мәселелерге орай жиын өткізді. Оған Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев арнайы қатысты.

Читать далее »

Халықтың мүддесі – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ

Бірінші шақырылған Атырау қалалық мәслихаты  1994 – 1999 жылдар аралығында қызметін атқарды. Алғашқы сессия 1994 жылдың 24 наурызында өтіп, оған 22 депутат сайланды. Бұл кез қайта құрулармен бетпе-бет келген егемендіктің елең-алаңындағы өліара шақ еді. Қалалық мәслихаттың алдында жаңа мемлекетті қалыптастыруға, құруға атсалысу, жас мемлекеттің барлық салаларына заман талабына сай өзгерістер енгізумен бірге, әлеуметті қалыптасқан ауыр ахуалдан алып шығу міндеті тұрды. Сол себепті қалалық мәслихаттың бірінші шақырылымына өз мамандығының кәсіби шеберлері ғана емес, өмірден көрген-түйгені мол, ылғи сайдың тасындай азаматтарды сайлауға тура келді. Өйткені, Ата Заңымызға сәйкес, мәслихат халықтың еркін білдіретін және оның мүддесін мейлінше қорғайтын бірден-бір орган еді.

Читать далее »