Саясат

ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНДА – ЖАҢА БАСШЫ

Бейсенбі күні облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушысы тағайындалды. Бұл қызметті енді Ермұханов Нұржан Мақсотұлы атқаратын болады. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан таныстырды.

Читать далее »

ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ БІРЛІГІ

Кеше Атырау мұнай және газ институтында «Мұнай-газ саласының ғылыми-технологиялық және экологиялық мәселелерін математикалық модельдеу» атты дәстүрлі Қазақстан-Ресей VІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Читать далее »

Мұхит ИЗБАНОВ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Тәртіптік кеңес төрағасы: «ЕЛ СЕНІМІ – ЕҢ ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ»

23 маусым биыл тұңғыш рет Мемлекеттік қызметшілер күні деп бекітіліп отыр. Алғаш рет аталып өткелі отырған кәсіби мерекенің мәні де, маңызы да ерекше. Өйткені, мемлекеттік қызмет саласы – ел дамуының ең негізгі тетігі, елімізді өрге жетелейтін басты локомотив. Айтулы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Тәртіптік кеңес төрағасы Мұхит Избановпен әңгімелескен едік. Мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы өзгерістерден басталған әңгіме осы саладағы басқа да жайларға арналды.

Читать далее »

ЧЕХ КӘСІПКЕРЛЕРІН ҚЫЗЫҚТЫРҒАН АЙМАҚ

Экономикасы қарышты дамып, өнеркәсібі өрге өрлеген Атырау алыс-жақын шет ел инвесторларын өзіне тартуда. Бұл жолы Еуропаның кіндік ортасындағы Чехиядан арнайы делегация келіп, мұнайлы мекеннің ахуалымен танысты. Әрине, сапар мақсаты – осындағы әріптестерімен іскерлік байланыстар орнату.

Читать далее »

МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ

«Қаржылық бақылау қызметінің өзіндік ерекшелігі бар. Елдегі экономикалық реформаларға ықпал ету, мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау қаржылық бақылау саласының негізгі функционалдық ерекшелігі болып табылады. Осы ретте бұл саланың қызметкері болу – жан-жақтылықты, адалдықты, кәсібилік пен аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді» деп атап өтті Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық қаржылық бақылау инспекциясында өткен салтанатты жиында аталған инспекция басшысы Меңдіхан Лұқпанов.

Читать далее »

ҰРПАҒЫН ОЙЛАҒАН ЕКПЕДЕН БАС ТАРТПАЙДЫ

Сан ғасырлардан бері адамзат өміріне ең үлкен қауіп
төндіріп келе жатқан жұқпалы аурулардың миллиондардың жанын қиғаны тарихтан белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай иммундау, яғни екпе қолға алынған кезеңге дейін жыл сайын шешек ауруынан бес миллион (!) адамның көз жұмып келгенін айтады. Бір қарағанда, құлаққа жеңіл естілетін қызылша ауруына жылына 140 миллион адам шалдығып, бұдан 7 миллионға дейін сәби ажал шеңгеліне ілігіп отырыпты. Міне, осындай қорқынышты цифрларды азайту бүгінде тек қана жаппай міндетті екпенің енгізілуі арқылы мүмкін болып отыр. Сол себепті де, «екпе егу харам» деп, құндақтағы сәбиін өлім аузына итермелеп жүрген ата-аналарға жоғарыдағыдай деректерді кеңінен жеткізу мәселесі өткір тұр.

Читать далее »

«БІЛІП АЙТҚАН СӨЗГЕ ҚҰН ЖЕТПЕЙДІ»

немесе, мемлекеттік қызметшілердің сөйлеу мәдениеті қандай?
Мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілін меңгеру, сол тілде сөйлеу, жазу, іс жүргізу, еларалық қатынастарды орнатудың өмірлік қажеттігін әрбір қазақ азаматы, оның ішінде мемлекеттік қызметші терең сезінуі қажет. Сондықтан да Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығында мемлекеттік қызметшілердің ана тілімізге деген сүйіспеншілігі мен құрметін, құлшынысын арттыру мақсатында қайта даярлау курстарында бағдарламаға сәйкес «Сөз мәдениеті», «Жариялы сөйлеудің технологиясы» оқытылса, тілдерді оқыту бөлімінде «Жергілікті және өзге ұлт өкілдеріне арналған қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі (салалық)», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу және оның стандарттары», «Сөйлеу мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас» курстары енгізілген.

Читать далее »