Саясат

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде сандаған ұлтты бір мүддеге тоғыстыра білген үлкен қоғамдық институтқа айналды. Біздің мақсатымыз да, арман-мүддеміз де бір. Ол – ортақ Отанымыздың кемел келешегі үшін өзара ынтымақтастықта еңбек етіп, бірлікте өмір сүру.  «Мінбердің» бүгінгі тақырыбы  да  осы мәселеге арналып отыр. 

 

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының тәуелсіз еліміздің дамуы жолында алатын орны туралы не айтасыз? 

 

2. Тұтас бір жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясына арналуының мәні неде? 

 

3. Аталмыш институттың қоғамдағы рөлін арттыруда әлі нендей жұмыстар атқарылуы керек?

1. - Қазақстан халқы Ассамблеясының ел дамуындағы ролі мен міндеті еліміздің көпұлттық сипатынан туындай отырып, елдегі тұрақтылық пен этносаралық және дінаралық келісімді сақтаумен айқындалады. Тұрақтылық пен этносаралық және дінаралық келісімнің сақталуы кез келген ел үшін экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени дамудың алғы шарты болып келеді. Сондықтан, саяси тұрақсыздық пен экономикалық-әлеуметтік дағдарыстар өзара тығыз байланысты жүретін құбылыстар. Әлеуметтік институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің қазіргі жаһандану жағдайындағы қайшылықтар мен дағдарыстар тұсында өмір сүруінің  ең оңтайлы моделі болуында жатыр.

Читать далее »

АТАМЕКЕНІМ – ОСЫ ЖЕР…

Жүздеген ұлысты бауырына басқан Қазақ мемлекеті – бейбітшіліктің бесігін тербеткен ел. Тілім нанды бөліп жеп, тірлік еткен басқа жұрттың ұл-қызы мұны жасырмайды. «Кезінде қазақтар болмаса, қайтер едік?» деп еске алатындар бар. Ал ырыстың алдын ынтымақ еткен текті Қазақ елі тәуелсіз болғалы тіптен түледі.

Бүгінде барша қазақстандық ұлттар мен ұлыстардың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайту жолында игі бастамаларға жол ашып, татулықтың таптырмас үлгісін көрсетіп отыр. Осыған орай, Ассамблеяның ХХІ сессиясы барысында Елбасы «2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялады. Бұл – Ассамблеяның қоғамдағы ролін одан әрі айқындап, беделін арттыра  түседі.

Читать далее »

ДОСТЫҚТА ЖОҚ ШЕКАРА

Астраханда 170 мың қазақ тұрады 

Тәуелсіз Қазақстанда жүздеген этнос өкілдері бақытты ғұмыр кешіп, туған республикамыздың гүлденуіне бір кісідей атсалысып жатса, ондағы негізгі тұрғын – қазақ халқы. Қазақстан – қазақтың тарихи Отаны, тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрінің дамыған жері, шаруашылығы шалқыған мекені. Бірақ, мұны айтқанда әлемдегі бар қазақ осы республика аумағында ғана бас құрап, өмір сүріп жатыр деуге болмайды. Ел басына туған қиын күндер, тағдыр талайы, тұрмыс тауқыметі, қызмет бабымен жұмыр жердің әр қиырында сандаған мың, миллиондаған нәсілдестеріміз жүріп жатыр. Бұлармен хабарласып, байланыс орнатып, кешегісі мен бүгіні, болашағы жайлы ой бөлісіп, ортақ тіл табысу, тарихи Отанына келем  дегендерге құшағымызды ашып, төрімізді ұсыну Қазақстан үшін басты қағидаға айналды.

Читать далее »

ҚАЗАҚҚА КЕЛІН БОЛҒАН БАШҚҰРТ ҚЫЗЫ

Тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі өзге ұлт өкілдері ырысы тасып, ынтымағы жарасқан, байлық пен бақыт бастау алған елімізде бейбіт те берекелі ғұмыр кешіп, тәуелсіз еліміздің іргесін бірге қаласып келеді. Солардың бірі Орынбор өлкесінде қазақтың қара баласына тұрмысқа шығып, жарының етегінен ұстап, Сарытоғай ауылына бірге келген Қапановтар отбасының келіні атанған башқұрт қызы Закира Қапанова еді.

Читать далее »

СТОММАНЫҢ ТАЙСОЙҒАНДАҒЫ ТАҒДЫРЫ

қазақпен біте қайнаса өрілді 

Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері. Белоруссия жері неміс фашистерінің қол астында. Витебск облысы, Чашники қаласы, Чашник ауданындағы бір кездері айналасы алма баққа оранып, гүл көмкеріп тұратын ауылдың ортасындағы үйлердің орнында мұржасы үңірейген үйінділер ғана жатыр. Кішкентай Александр Стомма бұл көріністерді көргенде жүрегі сыздайды. Жанарынан аққан мөлдір тамшылар бетін жуып, жүрегі қан жылайды. Көз алдына ата-анасы келеді. Алайда, бұл кезде оның маңдайынан сипайтын адам қалмаған еді. Дұшпанның ауыр техникалары деревня ішін емін-еркін кезіп жүр. Бірнеше күн тамақ ішпеген Александрдың көзінің алды қарайып, есін жоғалта бастады. Бұдан кейін ол неше күн жатқанын білмейді. Есін жиғанда өзін қоршап тұрған әскери киімді адамдарды көрді. Олар  партизандар еді. Кейін Дуброновскідегі Арчан ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленді.

Читать далее »

ЭТНОСТАР ЭТНОНИМІ

Кеше Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Этносаяси сөздіктің» тұсауы кесілді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен кітапты баспаға Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі дайындаған.

Читать далее »

БАҚЫТҚА БАСТАР БАҒЫТ

– Бақыт, қайда барасың?

– Көршімен болған бірлігі,

Тағат, ғибадат тірлігі,

Ұйымшыл елге барамын.

Осыдан бірнеше ғасыр бұрын Қаблиса жырау жазып қалдырған осы бір толғау жолдарынан алар тағылым мол. Расымен де, бірлігі жарасқан елдің ғана озатынын ғаламдық геосаясат картасында орын алып жатқан тосын оқиғалар дәлелдеп беріп отыр.

Читать далее »

«БИЗНЕСТЕ БӘРІМІЗ ДЕ БІРДЕЙМІЗ»

Елдегі келісімнің тұғыры, бірліктің тұтқасы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы шын мәнінде жиырма жыл ішінде жалпыадамзаттық институтқа айналды. Тар жерден табысатын, кең жерде келісетін қазақтың дархан пейілін қай ұлттың өкілі болсын ағынан жарыла айтып береді. Бір үзім нанымен бөлісіп, жылуын сыйлаған кешегі ата-бабалардың өнегесін бүгінгі ұрпақ та бойына сіңірді. Бейбітшілік пен келісімі, ынтымағы жарасқан Тәуелсіз Қазақстан жүздеген ұлт өкілдерінің Отаны болды. Бірі құтты мекеніндегі кәсіпорындарда табысты еңбек етсе, енді бірі өз ісін бастап, жемісін көруде.

Читать далее »

БАШҚҰРТСТАНМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС

Еліміздегі ұлтаралық татулық пен берік достық көптеген елдерге үлгі. Бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық бірлік пен достықты баянды ету жолындағы жүйелі саясаты әлемдік этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастыруда. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде қазақ жеріне қоныс тепкен 100-ден астам этнос өкілдерінің жайлы өмір сүруіне толық жағдай жасалды.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ИНСТИТУТЫ – УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында болған маңызды оқиғалардың бірі ретінде Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанынан Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының ашылуын айтуға болар еді. Сейсенбі күні өткен институттың тұсаукесер рәсімінде алғашқы сөз кезегін еншілеген университет ректоры, профессор Бейбіт Мамраев шараға қатысушыларды құттықтады. 

Читать далее »