Саясат

ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ДЕМ БЕРУШІСІ

ұлт  үшін  үлкен  істерді  тындырып  жүр

Дервиш Қылыш. Түркия жерінде дүниеге келіп, отау құрып, бала өсірген, бүгінгі таңда сол елде тұратын 21 000 қазақты біріктіретін қауымдастық басшысы болып жүрген қандасымыз.

Читать далее »

ТАТУЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІН БІЗДЕН КӨРСІН!..

Төңкеріс пен алапат аштықты, одан қалса жаппай қуғын–сүргін мен Ұлы Отан соғысы жылдарында талай тағдыр теперіші мен әділетсіз саясатты бастан өткерген Қазақстан,  аңсаған азаттықтың алғашқы жылдарында-ақ, толғағы жеткен мәселелермен бетпе-бет қалды. Мемлекетіміздің сындарлы саясатының арқасында халық­ара­лық нормаларға сәйкес Қазақстан шекарасын айқындау, оны көр­ші­лер тарапынан мойындату және нығайту бағытында орасан зор мін­деттер жүзеге асырылды. 

Читать далее »

БАҚЫТТЫҢ БӘРІ – БІРЛІКТЕ

Қазақ халқының «Бір күн ұрыс-жанжал болған үйден қырық күн несібе кемиді» деген мақалы тегін айтылмаған ғой. Кең-байтақ Қазақстанды мекендеген ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігі кез-келген күрделі мәселенің кілті секілді. Ел бірлігі барда шешімін таппайтын іс жоқ. 

Читать далее »

ТАРИХТЫ ТҮЛЕТЕТІН СӘТ

Қазақ елінің бүгінгі таңдағы басты мақсаты – әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылу. Ал, сол асыл мұратқа бізді апаратын бірден-бір жол – елдегі бірлік, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық және қоғамдық тұрақтылық. Демек, биылғы жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясына арналуының да зор мәні бар деген сөз. 

Читать далее »

ШАҺАРДАҒЫ СЫНДАРЛЫ ШАҚ

Атырау қаласы әкімінің тұрғындар алдындағы есебін талқылау осыны аңғартты

Атырау – бүгінде қарыштап дамып келе жатқан мұнай-газ, химия, сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешендерінің орталығы. Мұнда атқарылып жатқан ауқымды істер мен алдағы биік белестер, сондай-ақ, күрмеулі қиын сәттер кеше қала әкімінің есеп беру жиналысында талқыланды. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаевтың «Атырау қаласының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есебі тыңдалды.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Кеңесте этносаралық қарым-қатынастар мәселелері жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі бірлесіп өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері қаралды, деп хабарлайды akorda.kz 

Читать далее »

ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАПТЫРМАС ҮЛГІСІ

«Ассамблея осы жылдар ішінде байсалды жолдан өтіп, байыпты тәжірибе жинақтады. Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Құрылғанына жиырма жыл толып отырған бұл қоғамдық институт мемлекет өміріндегі өзекті мәселелер талқыланып, келелі шешімдер қабылданатын үлкен сұхбат алаңына айналды. Қоғамдық тұрақтылық, келісім мәселелері әлемдік күн тәртібіне көтеріліп отырған шақта бұл құрылымның мазмұнын одан әрі арттыру маңызды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановпен арадағы әңгіме де осы мәселелерге, үстіміздегі атаулы жылдың маңызы мен мәніне арналды. 

Читать далее »

ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА…

- Ассамблея – Қазақстан Президенті жанындағы орган. Бұл – Конституциямызда айтылатын және заң шығарушы билікті құру барысында маңызды рөл атқаратын беделді құрылым. Бірақ, ол басқа да конституциялық органдарға қарағанда, мемлекеттік билік органы емес. Мұнымен қоса, оның Қазақстанның саяси жүйесіндегі орны мен беделі биліктің классикалық үш тармағының кез келген органынан – Парламент, Үкімет және Жоғарғы Соттан еш кем емес. Өйткені, бірінші кезекте Ассамблеяның қызметін Қазақстан Президенті басқарады. Демек, басқа да билік сатылары айналып өтіліп, Қазақстан халқы топтарының қажеттіліктері мен пікірлері Елбасына Ассамблея арқылы тікелей жеткізіледі.

Читать далее »