Саясат

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДА ЫҚПАЛДЫ КҮШКЕ АЙНАЛДЫ

Республикамызда болат жол пайда болған кезден бастап, ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында шешуші рөл атқарып келеді. Өйткені, оның бойында жаңа елді мекендер салынып, қалалар бой түзеді. Өндіріс орындары шаңырақ көтеріп, инженерлік инфрақұрылым желілері қалыптасты. Ұлан-байтақ жері бар еліміздің барлық өңірлері көлік артерияларымен жалғанып, сыртқы әлеммен байланыс қамтамасыз етілді. Тұтастай алғанда, темір жол қатынасы Қазақстанның жүйе құраушы инфрақұрылымы болып табылады.

Читать далее »

АУЫЗ СУДЫҢ ҚАДІРІ

немесе, халық қалаулылары неге алаңдайды?

Үстіміздегі жылдың тамызынан бастап «АтырауСуАрнасы» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны тарифін көтергелі отыр. Яғни, әр текше метр су бағасы жеке тұрғындар үшін 101,33 теңге, ал заңды тұлғаларға 316,72 теңге болып белгіленді. Демек, тиісінше 48,4 және 67 пайызға өсім бар. Міне, осы мәселе облыстық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттары арасында кеңінен талқыланды.

Читать далее »

ЖАСТАРҒА – ЗОР МҮМКІНДІК

«Еркін пікір» дискуссиялық клубы алаңында бес институционалдық реформаны жүзеге асыру тетіктері талқыланды. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған шараға облыстың жұмысшы және студент жастары қатысты.

Читать далее »

ЖІГІТТІҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

Мен Мақсым Ізбасовты қай кезден білемін? Жазу столына отырған сәтте өзіме осы сауалды қойдым. Балдәурен балалық шағымнан ба? Әлде бозбалалық белестерімнен бе? Жастығымыздың жарқылы да жадымда. Ересектігіміз де есімде. Қазір де хабарласып тұрамыз.

Бірақ, біраздан бері шешіліп сөйлеспеген екенбіз. Кездескенде көбіне қызмет бабындағы әңгімеден әрі аспаймыз. Онда да не оның, не менің уақытымыз шектеулі. Сол олқылықтың орнын асқаралы алпыстан асқанда толтырғанды жөн көрдім.

Читать далее »

ӘКЕ АМАНАТЫ

Қилымғали әкеден тым жас қалды. Арқа сүйер асқар тауы өмірден өткенде небәрі тоғыз-ақ жаста еді. Қарындасы Меңсұлу тіпті де кішкене болатын. Бірін көтеріп, екіншісін жетектей жүріп анасы Зылиха адам етті.

Читать далее »

ЖОСПАР БАР, ІС АЗ

«Нұр Отан» партиясы  облыстық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында Исатай  ауданы бойынша жемқорлыққа қарсы жұмыстар туралы аудан әкімі Тұрарбек Сұлтанбеков ақпарат берді.

Читать далее »

САН ЕМЕС, САПА КЕРЕК

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жұмыс жоспарының орындалысына бақылау барысында бірқатар олқылықтар анықталды. Көптеген нысанда келісім-шартта көрсетілген істер орындалғанымен, сапасының төмен екендігі байқалды. Бұл жайлар «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында қатты сынға алынды.

Читать далее »

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

«Нұр Отан»  партиясы  Махамбет  аудандық  филиалының ХІХ  кезектен тыс конференциясы өтіп, онда Елбасы жариялаған «5 реформа және 100  қадам» Ұлт  жоспарын жүзеге  асыру  барысы туралы талқыланды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалына жаңа төраға сайланып, партияның аудандық филиалының саяси  кеңесі құрамына өзгеріс енгізу туралы да мәселелер қаралды.

Читать далее »