Саясат

ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ – ЖАҢАРҒАН ҚҰРАММЕН

Парламент Мәжілісі өзінің тарихи миссиясын орындады. Қазіргі құрам қызметін бастағаннан бері 80-нен аса заң қабылдады. Олардың бәрі де әлеуметтік-экономикалық дамуымызды жалғастырып, еліміздің ілгері басуына оң ықпал еткені сөзсіз.

Читать далее »

ЕЛ МҮДДЕСІ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

Мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі сайлауын өткізу – уақыт талабы. Өйткені, әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде депутаттық мандат мерзімінің аяқталуын күтпей, Парламент сайлауын өткізу - «Қазақстан - 2050» стратегиясында көрсетілген бағдарламаларды дамытуға, сонымен бірге, өткен жылы жарияланған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауды, 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспары сынды ірі бағдарламаларды жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.    

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІН ҚАЙТСЕК КЕҢЕЙТЕМІЗ?

Облыстық «Атырау» газеті редакциясының аудандардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жай-жапсарына арналған көшпелі «дөңгелек үстел» жанындағы кездесуі Махамбет ауданында жалғасты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында өткен алқалы басқосуға аудан әкімінің орынбасары Мардан Сейтқалиев, аудандық мекемелердің басшылары, фермерлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің жетекшілері шақырылды.

Читать далее »

ДӘСТҮРЛІ КӨРМЕ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Кеше Астанада «Bolashak Alumni Reunion Conferenceand Education Fair – 2015» атты дәстүрлі көрме-конференциясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов Орталық коммуникациялар  қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлім етті.

Читать далее »

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

2015 жылдың наурызында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Еңбек даңқы» орденінің үш дәрежесін алған азаматқа бірден «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебесі беріледі. Бұл туралы ОКҚ брифингісінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Читать далее »

ЖАҢА СТАНДАРТТАР. ОЛАР ҚАНДАЙ?

Кеден одағының соңғы теxникалық регламенті 2016 жылы күшіне енеді. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев мәлім етті.

Читать далее »

ПАРТИЯ НАҚТЫ ШЕШІМДЕР КЕЗЕҢІНДЕ

Партияның соңғы Бюросында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қазіргі уақытта жетекші саяси күш ретінде «Нұр Отанның» алдында тұрған маңызды міндеттерді нақтылап айтты. Партияға қазақстандықтарды Бес институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыруды, «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуына бақылау орнатуды тапсырды. Қоғамда бірлікті бекемдеп, өңірлермен жұмысты күшейтуге жекелей тоқталды.

Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында партия жұмысын жетілдіруге белсене кіріскен партия Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен  өткен аптада Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Алматы мен Семей қалаларында болды. Аймақтағы партия қызметімен жан-жақты танысты. Партияның жергілікті құрылымдары тарапынан айтылған көптеген ұсыныстарға құлақ түріп, түйінді мәселелерді шешу жөнінде ашық пікір алмасқан Асқар Мырзахметов саяси ұйымның барлық құрылымы алдағы уақытта күш салуға тиісті мақсат-міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Читать далее »

«НҰР ОТАН»: ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫСТЫҢ ЖАҢАША ЖҮЙЕСІ

Бұдан былай «Нұр Отан» қоғамдық қабылдау кезінде көтерілген мәселелерді ай сайын Премьер-министрдің алдына қойып отыратын болады. Тиісінше, мәселелер бойынша салалық министрліктер нақты жұмыс атқарады. Ондағы мақсат – халық арасындағы проблемалардың неғұрлым жедел шешілуіне жол ашу. Бұл туралы Атырау облысына іссапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов мәлімдеді. Жергілікті әріптестерімен кездескен мәртебелі мейман ендігі жерде партияның жұмыс істеу жүйесінің түбегейлі өзгеретінін айтты. 

Читать далее »