Саясат

БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Қазіргі таңда өз баласын қоқысқа, әжетханаға тастап, көшеге лақтырып кетіп жатқан жағдайлар жиі кездесіп отыр. Осыған байланысты Аймақтық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында  қоғамға белгілі әйел-аналар жастарға үндеу тастады.

Читать далее »

«АҚТӨБЕ – АТЫРАУ – АСТРАХАН»

тас жолының құрылысы биыл басталады! 

«Атырау – Астрахан! » Тозығы жеткен осы жол бойындағы жанайқай талайдан бері айтылып-айтылып, жауыр болған тақырыпқа айналды. Сүйінші жаңалық сол, биылғы жылдан бастап, халықаралық маңызға ие «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» тас жолының құрылысы басталады. Стратегиялық жолдың жаңаруы – аудан өміріне жаңаша рең, өзгеше тыныс береді деп күтілуде. Бұл жаңалық облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қатысуымен өткен Құрманғазы ауданының басшысы Амангелді Барақатовтың есеп-беру жиынында белгілі болды. 

Читать далее »

БАСТЫ МІНДЕТ – ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ

Кеше Мақат ауданының әкімі Берікқали Сәрсенғалиев жұртшылық алдында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылдың міндеттері туралы есеп берді. Аудан активімен өткен жиынға аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Читать далее »

ҚЫЗЫЛҚОҒАНЫҢ БОЛАШАҒЫ – АГРОСЕКТОРДА

Облыс  басшысы  ауданға  осындай  міндет  жүктеді

Өткен жылы Қызылқоғада 12395 шаршы  метрді  құрайтын 79 тұрғын үй  пайдалануға  берілді. Облыстан шалғай орналасқан аудан үшін бұл жаман көрсеткіш емес. Жол  жөндеу  жұмыстарында да жаңалықтар бар. Есепті мерзімде Жасқайрат, Жангелдин, Қоныстану елді мекендерінің селоішілік және кірме  жолдары күрделі жөндеуден өтіп, жергілікті халық бір жасап қалды. Осы және өзге де жаңалықтар жөнінде Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот Мұқанов кезекті есеп беру жиналысында баяндады. Малды өңірде атқарылған жұмыстарға облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жоғары баға берді.

Читать далее »

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтерген ҮНДЕУІ

Бүгінде жаһандық жүйелі дағдарыс әлемнің барлық елдерін, тіпті дамыған жетекші мемлекеттерді де қамтуда.

Әлемдегі күрделі геоэкономикалық және геосаяси ахуал халықаралық шиеленістің артуымен, жаңа қақтығыс ошақтарының пайда болуымен, лаңкестік қауіп-қатердің күшеюімен қатар өрбуде.

Читать далее »

ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ – ЖАҢАРҒАН ҚҰРАММЕН

Парламент Мәжілісі өзінің тарихи миссиясын орындады. Қазіргі құрам қызметін бастағаннан бері 80-нен аса заң қабылдады. Олардың бәрі де әлеуметтік-экономикалық дамуымызды жалғастырып, еліміздің ілгері басуына оң ықпал еткені сөзсіз.

Читать далее »

ЕЛ МҮДДЕСІ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

Мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі сайлауын өткізу – уақыт талабы. Өйткені, әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде депутаттық мандат мерзімінің аяқталуын күтпей, Парламент сайлауын өткізу - «Қазақстан - 2050» стратегиясында көрсетілген бағдарламаларды дамытуға, сонымен бірге, өткен жылы жарияланған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауды, 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспары сынды ірі бағдарламаларды жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.    

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІН ҚАЙТСЕК КЕҢЕЙТЕМІЗ?

Облыстық «Атырау» газеті редакциясының аудандардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жай-жапсарына арналған көшпелі «дөңгелек үстел» жанындағы кездесуі Махамбет ауданында жалғасты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында өткен алқалы басқосуға аудан әкімінің орынбасары Мардан Сейтқалиев, аудандық мекемелердің басшылары, фермерлер мен кәсіпкерлік субъектілерінің жетекшілері шақырылды.

Читать далее »

ДӘСТҮРЛІ КӨРМЕ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Кеше Астанада «Bolashak Alumni Reunion Conferenceand Education Fair – 2015» атты дәстүрлі көрме-конференциясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов Орталық коммуникациялар  қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлім етті.

Читать далее »