ҰЛТ БІРЛІГІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ

Облысымызға арнайы келген Алматы орталық мешітінің найб имамы, елімізге белгілі исламтанушы Ерсін Әміре Жылыой ауданында болып «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» тақырыбында тұрғындармен кездесу өткізді.

Continue Reading

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ: МАҚСАТ – СЫН-ҚАТЕРЛЕРДІ БІРЛЕСІП ШЕШУ

«Атырау» мәдени кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ислам мәдениеті: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларға қарсы тұрудың жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткені жөнінде өткен нөмірде хабарлаған болатынбыз. Аталған шараға Қазақстан, Египет, Сауд Арабиясы, Ливан, Түркия, Сирия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы елдеріндегі дін саласының белгілі ғалымдары қатысып, діни экстремизм мен радикализм идеяларына қарсы тұрудың халықаралық тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Continue Reading

ИМАН ЖӘНЕ АМАЛ ҰҒЫМЫ

Жергілікті имамдарға бағынбау, намаз оқымағандығы үшін ата-анасын кәпір санап, үйінен безу немесе бір шаңырақтың астында тұрып ата-анасы әзірлеген асты ішпеу, ата-анасының рұқсатынсыз неке қию, зайырлы өкіметтің ұстанымдарын кәпірлікке шығару сынды оқиғалар ел ішінде көптеген алауыздықтарға себеп болумен қатар, жастардың радикалды топтар қатарына қосылып, қару алып, ақыры шет ел асып кетуіне дейін апаруда. Сондықтан, ел ішінде дұрыс ислами түсінік қалыптастыру үшін сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі ханафи (ақидада матуриди) мәзһабының ұстанымдарын насихаттау маңызды.

Continue Reading

БӨКЕЙ ЕЛІНДЕГІ БІР КҮН

Елбасы қойған тапсырмалардың бірі – өңіраралық байланыстарды жандандырып, іскерлік қарым-қатынастар аясында еңбек қоғамын қалыптастыру, сол арқылы еліміздің экономикасын одан әрі дамыту болатын. Осыған орай жақында Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Бөкей ордасы және Исатай мен Индер аудандары болып ауданаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы мақсат – шекаралас жатқан аудандармен ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім, медицина және кәсіпкерлік салалары бойынша тәжірибе алмасу, табиғи  апаттардың алдын алу,  аудандардың ортақ  проблемалық мәселелерін бірлесіп шешу. 

Continue Reading

Рахымжан ОТАРБАЕВ: «АБЫЗ ӘБУ АДАМГЕРШІЛІГІМЕН АСҚАҚ ЕДІ»

Биылғы жылы Атыраудың Абыз ұлы, теңіздің арыстан жал толқындарында тербеліп өскен, Каспий теңізі атырабын ғұмыр бойы жырлап өткен Халық жазушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 110 жыл толып отыр. Осынау Ұлы тұлғаның мерейжасы аясында Атырау облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен тағылымды зор шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен «Теңізбен егіз ұғым – Әбу Сәрсенбаев» тақырыбында  өткен оқырмандармен  кездесу.   Кешті   Атырау облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Алтынбек Нысанғалиев ашты. Атырау облысының Құрметті азаматы Орынғали Қарасаев, Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатының басшысы Зұлбұқар Сүйінішов Абыз Әбу жөніндегі естеліктерін айтқан әдеби кешті өлкетанушы-журналист Өтепберген Әлімгереев жүргізді. Атырау мұнай және газ институтының  оқытушысы Гүлшара Мұханғалиева ақынның майдан туралы өлеңдеріне шолу жасады.

Continue Reading

ЕР ҚАЗАСЫ – ЕЛ АЗАСЫ

Қазақ елі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВТЫ соңғы сапарға шығарып салды 

Дина Нұрпейісова атындағы Мәдениет сарайының төңірегіне адамдар көп жиналды. Алдындағы аумағы атшаптырым алаңға сыймағандар көшенің қос қапталында тік тұр. Бәрі де – жалынды жерлесіміз, Қазақстан үкіметінің бұрынғы басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, майталман мұнайшы Нұрлан Балғымбаевты соңғы сапарға шығарып салуға келгендер. Олардың арасында тек атыраулықтар ғана емес, республиканың әр түкпірінен келген белгілі тұлғалар бар.

Continue Reading