СҮЙЕКТЕР «СӨЙЛЕГЕН» КҮН…

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қорында сүйектен жасалған өте бағалы бұйымдар сақталған. Олардың құндылығы – сонау ХІХ ғасырдың тұсында өмір сүрген шеберлердің қолынан шыққандығында. Осындай байырғы жәдігерлерді жастар арасында насихаттау мақсатында мұражайда «Сүйек ою өнері» көрмесі ашылды. Оны арнаулы орта оқу орындарының студенттері алғашқылардың қатарында тамашалады.

Continue Reading

CУРЕТШІ ҚУАНДЫҚ МӘДІРОВ: «СУРЕТ САЛҒАННАН ЛӘЗЗАТ АЛАМЫН»

Жуырда суретші, сазгер, Қазақстан Республикасы Суретшілер және Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» Қуандық Мәдіровтің 50 жасқа толу мерейтойына орай, облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде «Талбесік» атты суретшінің жеке көрмесі болып өтті.

Continue Reading

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРБАЯН

Бір кездері Атырау мен Маңғыстау облысын басқарып, еліміздің ресми орындарында ұзақ жыл абыройлы қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында оның есімі берілген политехникалық колледжде «Халқы сүйген, халқын сүйген азамат» атты салтанатты шара өтті.

Continue Reading

«ГАЗЕТ ОҚЫМАЙ ОТЫРА АЛМАЙМЫН…»

дейді жарты ғасыр өмірін

«Атырау» газетіне арнаған ардагер апа

Себепсіз салдардың болмайтыны сияқты, мамандық таңдауда да адамның сол іске икемділігі, оны жан-тәнімен, бар болмысымен сүюі маңызды. Өзінің бар өмірін мектеппен байланыстыратын мұғалімде балаға деген сүйіспеншілік басым болса, ақжелеңді дәрігерде дімкәс жанды емдеп жазсам, дертінен айықтырсам деген сенім мол. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Бағзай Супьянқызы  – ­өмірінің жарты ғасырын ақпарат саласына, соның ішінде облыстық «Атырау» газетіне арнаған жан.

Continue Reading

БАСТАЛҒАН «КІШКЕНТАЙДАН» ҮЛКЕН ӨНЕР

Сірә, даладан асқан ақын, даладан асқан күйші, даладан асқан даналық жоқ екенін қазақтардан артық кім білер?! Перзент бойына бар асыл қасиет сол даладан даритыны тағы мәлім. Дархан дала халықтың қайталанбас, әр ғасырда сирек құбылысқа айналған дара тұлғаларын туғызған. Соның бірі – Жұмекен Нәжімеденов.

Continue Reading