Руханият

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЛАЙЫҚТЫ ПЕРЗЕНТІ БОЛАЙЫҚ!

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай өткен салтанатты жиында Елбасымыздың сөзін қалт жібермей тыңдап, санамызға түйіп отырдық. Әсіресе, Нұрсұлтан Әбішұлының: «...Дала көгіндегі Күн біздің ізгі істерімізге нұрын шашуда. Аспан мен Күн – біздің Туымыздың түсі», – деген сөзі менің жұдырықтай жүрегімді селт еткізіп, үлкен қуаныштарға жетелегендей болды. Осынау баяндамадан біз өзімізге қаншама дәйек жинадық, қаншама тарихи деректерге қанық болдық десеңізші.

Читать далее »

АРМАНЫНА ЖЕТКЕН ХАЛЫҚПЫЗ

Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде, жоғары деңгейде атап өтілуі тарихымызды түгендеп алуға зор  мүмкіндік ашты.  Бұл тағдыр талайынан қайта түлеп, небір қырғыннан аман қалған ұлтымыздың ерен ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту үшін атқарылып отырған игі іс екенін баршамыз жақсы білеміз. 

Читать далее »

ҚАҺАРМАНДЫҚ ДӘУІР ДҮБІРІ

Қазақ хандығының 550 жылдығының зор деңгейде атап өтілуінің мәнін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жиында терең түсіндірді. «Бүгінгі той, ең алдымен, батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр» деген Президент хандық кезеңнің қазақ тарихындағы қаһармандық дәуір екендігін атап айтты. 

Читать далее »

«САРАЙШЫҚ CЫР ШЕРТЕДІ»

Қазақ хандығының 550 жылдығы осында аталып өтті

Осындай атауды арқау еткен театрландырылған мәдени шара Махамбет ауданындағы «Хан ордалы Сарайшық» мұражайында сән-салтанатымен өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тағылымды шараға «Қазақ хандығынан – Егемен Қазақстанға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қонақтары мен елімізге белгілі ғалымдар қатысты. Мерекелік бағдарламада әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер төгілді.

Читать далее »

ҚОС АЙМАҚТАН ҚҰЙЫЛҒАН ҚҰЙЫН ЖЫРЛАР

Шымкент пен Атырау ақындарының аламан айтысы көрерменді тәнті етті

Махамбет  атындағы облыстық драма театрында «Шырайлы Шымкент –Арайлы Атырау» атты аламан айтыс ұйымдастырылды. Атыраудағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында ұйымдастырылған бұл айтысқа екі облыстың аузымен құс тістеген өрен жүйріктері қатысты. Ине шаншар бос орын жоқ залда көрерменнің көпшілігі түрегеп тұрып тамашалаған жыр додасы  барынша тартысқа, ұшқыр ойға толы болды.

Читать далее »

ҚИҒАШ БОЙЫНДАҒЫ ҚОРЫҚ

Енді резерват бақылауында болады 

Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су қорлары министрлігіне қарасты «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Арман Құрманбаев және осы мекеменің бас маманы Александр Николаевич Ивасенконың қатысуымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында балық аулау, оны қорғаумен айналысатын құрылымдардың басшылары, балықшылардың құқығын корғау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «дөңгелек үстел» өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров кіріспе сөзбен ашты.

Читать далее »