ӨМІРІН ӨРГЕН ӨНЕРМЕН

Талантымен тамсандырған талай алып тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті  Нарын жұрты  тағы бір айтулы азаматынан айырылды.  Мамандығы мал дәрігері болғанымен, қолына домбыра ұстағанда Рысбай, Әзидолла, Нариман секілді өнер саңлақтарымен қатар тұра алатын дүлдүл домбырашы, сезімтал сазгер Ғатау Ибішев ағамыздың енді ортамызда жоқтығы жанға қатты батады.

Continue Reading

МАЛ АУЫРСА, ЖАН ДА АУЫРАДЫ

Нарықтық экономика жолына түскен республикамыздың өркендеуіне бірден-бір әсер ететін негізгі салалардың бірі – мал шаруашылығы. Алайда, бүгінгі күнге дейін мал басын жұқпалы аурулардан сақтау, алдын-алу және толығымен жою мүмкін болмай отыр. Ендеше, қатерлі кеселден қалай сақтануға болады? Міне, жергілікті мал дәрігерлерін толғандырып жүрген осы және өзге де сауалдарды біз Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты індеттану бөлімінің меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Әспен Әбутәліповке қойған едік.

Continue Reading

ДҮНИЕ ТҰНЫП ТҰРҒАН СЫРҒА ТОЛЫ

Қолыңа қағазың мен қаламыңды алып, өткен өмірге көз жүгіртіп,  сыйлас-таныс болған адамдар туралы қалам тербеудің өзі бір қарағанда оңай көрінгенмен, толғанысы көп дүние. Оның да себебі бар. Өйткені, өзің құрметтеп, сыйлаған адамдардың істеген толымды істері, айтқан әңгімелері, ол туралы естіген жағымды пікірлер киноның лентасындай болып тізбектеле жөнеледі екен.

Continue Reading

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР КЕШКЕН АҒА

Атырау елі тағы бір ардақты ұлы, аяулы перзентінен айырылды. Ол – Ғатау Нәсіпқалиұлы Ибішев. Кеше облыс жұртшылығы ауыл шаруашылығы саласының шебер ұйымдастырушысы, тамаша өнер иесі, домбырашы-күйші, әуесқой сазгер, «Құрмет» орденінің иегері атанған қайталанбас тұлғамен, біртуар азаматпен қоштасып, ақтық сапарға шығарып салды.

Continue Reading

НАРЫННЫҢ НАР ТҰЛҒАЛЫ ПЕРЗЕНТІ

Өмірден өткен Ғатау Нәсіпқалиұлы Ибішев хақында бір сөзбен осылай деп түйіндей салуға болар еді. Ал, осы бірауыз сөзде қаншалықты мағына мен мазмұн, мән барын онымен бірге оқыған, үзеңгілес жүріп қызмет атқарған, аралас-құралас, дәмдес болған азаматтардың қоштасу рәсімінде айтқан әңгімелерінен айқын аңғардық. Ғатекеңді қаншалықты қадірлеп, ақтық демі таусылып, соңғы сапарға шығарып салар сәтте қалай қайғырып, көңілдеріне  ауыр алып, жан-тәнімен аза тұтқандықтарына куә болдық.

Continue Reading