Руханият

АЛАШ АТЫН ҰРАН ЕТКЕН

Батырхайыр Ниязов туралы не білеміз?

Ел білетін Өмірзақ Қажымғалиев бұрын ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген білгір маман, шебер ұйымдастырушы басшы болып танылған болса, соңғы жылдары қаламы қарымды жазушылығын да терең байқатты. Оның «Дариға-дәурен», «Жанкешу», «Мақашпен қауышу» және басқа да кітаптарын жұршылық жылы қабылдады. Енді, міне, Өмекеңнің зерттеушілік еңбектері де облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жиі жарық көріп, ғалымдық жаңа қырымен көрініп отыр. Алды жеке кітап болып та шығып жатыр.

Читать далее »

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ОНЫҢ ТАРИХЫ ҚЫТАЙДАН ТАБЫЛДЫ

Бір топ қазақстандық ғалымдар Қытайдан Қазақ хандығының тарихына қатысты Цинь империясының мұрағат құжаттарының көшірмелерін әкелді. 283 томды құрайтын бірегей мұрағат құжаттарының басым бөлігін негізінен Қазақ хандығының көршілес мемлекеттермен арадағы сауда-экономикалық байланыстары құрап отыр. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітова мәлім етті.

Читать далее »

ЖАЙЫҚТЫҢ БОЙЫ КӨК ШАЛҒЫН…

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні десек, дұрыс болар. Ал, біздің басылымымыздың байырғы оқырмандарының да біраз бөлігі аймақтың әр түкпіріндегі ауылдарды мекен еткен десек қателеспейміз. Ел ішіндегі тірліктің түзелуі жолында билік тарапынан қолға алынған игі бастамалар аз емес. Десек те, ауылдарда әлі де шешімін күткен келелі мәселелер де жоқ емес.
Сонымен, облыстық газеттің «Атамекен» экспедициясы осы жолы аймақтың ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосып отырған Махамбет ауданына қарасты ауылдарға ат басын бұрды...

Читать далее »

ҚАЗАҚТЫ ОБАДАН ҚҰТҚАРҒАН ҚАЖЫҒАЛИ МӘМЕКОВ КІМ ЕДІ?

Орыс халқында «Кейде бақытсыздықтың өзі бақытқа апарады» деген жақсы тәмсіл бар. Сол айтылғандай, егер 1900 жылдың қысында Астрахан губерниясына қарасты Бөкей Ордасының Талов ауданындағы «Текебай түбек» деген жерінде оба ауруы етек алып, онда бір мезетте 390 адам қайтыс болмағанда, Манаштан шыққан алғашқы арнаулы білімді кіші дәрігер Қажығали Мәмековтің де аты белгісіз, мықтағанда, ауыл зиялыларының бірі болып қалар еді.

Читать далее »

Зейнолла САМАШЕВ:«Сарайшықты сақтаудың екі жолы бар»

Атақты Берел қорғанын бірінші ашушы Зейнолла Самашевты күтпеген жерден Атырау әуежайында кездестіріп қалдым. Үстіртке арнайы сапарымен жол жүріп бара жатқан ғалыммен қысқа уақыт аралығында ежелгі Сарайшық қаласы орнындағы қазба жұмыстарының жайы турасында пікірлесіп қалған едік.

Читать далее »

РЕПРЕССИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕСКЕН

жалынды чекист Серікқали Жақыпов кім еді?
Тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықты бастан өткергенін тарихымыздан білеміз. Әсіресе, 1937-1938 жылдардағы қаралы кезең халықтың басына түскен қасірет еді. Арада талай жылдар өтсе де, зұлмат кезеңнің сан жүректерге салған жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де белгісіз тағдырлар қаншама?

Читать далее »

ТАРИХТЫ ТИЯНАҚТЫ ЗЕРТТЕМЕСЕК…

елімізде дұрыс идеология болмайды
Отансүйгіштік сана-сезімді тәрбиелеуде Қазақстан тарихының алатын орны ерекше. Тарих ғылымының тыңғылықты зерттелуі қоғамымыздың дамуына сүбелі үлес қосатыны анық. Сондықтан да мемлекет тарапынан өткеніміз бен бүгінімізді мұқият саралау үшін салмақты қадамдар жасалуда. Осы орайда біз тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығының директоры Зиябек ҚАБЫЛДИНОВТЫ әңгімеге тартқан едік.

Читать далее »

АРШЫП АЛАР АҚИҚАТ КӨП

Отан тарихында еш уақытта өзектілігін жоймайтын тақырыптардың бірі – ұлт-азаттық және әлеуметтік теңдік үшін болған қозғалыстар. 1836-1838 жылдары болып өткен Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс ұлт тағдырына тікелей қатысы бар ұлт-азаттық және әлеуметтік теңдікті тоғыстырған қозғалыс болды. Бұл XIX ғасырдағы қазақ халқының қоғамдық өміріндегі жаңа құбылыс еді. Оның түп-тамыры осы тарихи мезгілдегі Бөкей ордасының қайталанбас, нақты саяси экономикалық және әлеуметтік өмірінен туындап жатты. Ресей әкімшілік орындарының Бөкей ордасына тереңдеп еніп, оның ішкі өміріне араласа бастауы бұл аймақтағы елдің шаруашылық және қоғамдық өміріндегі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісіп кетуі өзара қарсы тұрған күштер арасындағы қарулы қақтығысқа алып келді.

Читать далее »

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕСБОЛАЙ

Жылыойда «Есболай-Ақкөл» қорымында дулығалы батыр тұлғасындағы сымбатты ақшаңқан кесене тұр. Бұл – өткен жылдың күз айында тұрғызылған Есболай Айтболатұлының кесенесі. Құлсары-Атырау тас жолымен 50 км жүріп, шығысқа бұрылғанда 12 шақырым шамасында, биік төбенің басындағы бұл кесене әдейі бес бағанадан тұрғызылып, оларға Есболайдың бес баласының аттары ойып жазылған. 

Читать далее »

МҰРАТ МҰРАСЫ ҚАЛАЙ ЗЕРТТЕЛДІ?

МЕКТЕПТЕР 
МЕН КӨШЕЛЕР

«Еділді келіп алғаны, Етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны, Жағаға қолды салғаны, Ойылды келіп алғаны, Ойдағысы болғаны» деген баршаға белгілі бір ауыз өлеңді білетін боларсыз. Бұл – қазақ поэзиясының хас жүйрігі Мұрат Мөңкеұлының әйгілі «Үш қиян» толғауының үзіндісі. Сонымен қатар, ақынның «Мен қауіп еткеннен айтамын» деген танымал тіркесі де сізге жақсы таныс. Бұл өлең жолдары әлдеқашан халықтық ұғымға айналып кеткен. Дәлірек айтсақ, бұлар – Мұраттың ақындық төлқұжаты! Оның шоқтығы биік поэзиясының алтын үзігі, жауһар жүзігі. Махамбетті «Мен мен едім, мен едім» қалай биіктетсе, «Мен қауіп еткеннен айтамын!» Мұратты солай тұлғалайды.

Читать далее »