Руханият

НАРЫННЫҢ НАР ТҰЛҒАЛЫ ПЕРЗЕНТІ

Өмірден өткен Ғатау Нәсіпқалиұлы Ибішев хақында бір сөзбен осылай деп түйіндей салуға болар еді. Ал, осы бірауыз сөзде қаншалықты мағына мен мазмұн, мән барын онымен бірге оқыған, үзеңгілес жүріп қызмет атқарған, аралас-құралас, дәмдес болған азаматтардың қоштасу рәсімінде айтқан әңгімелерінен айқын аңғардық. Ғатекеңді қаншалықты қадірлеп, ақтық демі таусылып, соңғы сапарға шығарып салар сәтте қалай қайғырып, көңілдеріне  ауыр алып, жан-тәнімен аза тұтқандықтарына куә болдық.

Читать далее »

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Жуырда өңірге іссапармен келген Қазақ-Америка еркін университетінің президенті Ережеп Мамбетқазиев пен Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закирьянов Атырау мұнай және газ институтында болды. Институт аумағында қонақтар, алдымен, Спорт кешенін аралап, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен жастардың дене шынықтыру жаттығуларын, спорттық ойындарын тамашалады.

Читать далее »

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР КЕШКЕН АҒА

Атырау елі тағы бір ардақты ұлы, аяулы перзентінен айырылды. Ол – Ғатау Нәсіпқалиұлы Ибішев. Кеше облыс жұртшылығы ауыл шаруашылығы саласының шебер ұйымдастырушысы, тамаша өнер иесі, домбырашы-күйші, әуесқой сазгер, «Құрмет» орденінің иегері атанған қайталанбас тұлғамен, біртуар азаматпен қоштасып, ақтық сапарға шығарып салды.

Читать далее »

СҮЙЕКТЕР «СӨЙЛЕГЕН» КҮН…

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қорында сүйектен жасалған өте бағалы бұйымдар сақталған. Олардың құндылығы – сонау ХІХ ғасырдың тұсында өмір сүрген шеберлердің қолынан шыққандығында. Осындай байырғы жәдігерлерді жастар арасында насихаттау мақсатында мұражайда «Сүйек ою өнері» көрмесі ашылды. Оны арнаулы орта оқу орындарының студенттері алғашқылардың қатарында тамашалады.

Читать далее »

CУРЕТШІ ҚУАНДЫҚ МӘДІРОВ: «СУРЕТ САЛҒАННАН ЛӘЗЗАТ АЛАМЫН»

Жуырда суретші, сазгер, Қазақстан Республикасы Суретшілер және Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» Қуандық Мәдіровтің 50 жасқа толу мерейтойына орай, облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде «Талбесік» атты суретшінің жеке көрмесі болып өтті.

Читать далее »

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРБАЯН

Бір кездері Атырау мен Маңғыстау облысын басқарып, еліміздің ресми орындарында ұзақ жыл абыройлы қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында оның есімі берілген политехникалық колледжде «Халқы сүйген, халқын сүйген азамат» атты салтанатты шара өтті.

Читать далее »