Руханият

«ҚЫЛЫШ ҚОРҒАНЫНЫҢ» ҚҰПИЯСЫ

Облыс әкімдігінің қолдауымен және «Қазақстан Атырау» телеарнасының ұйымдастыруымен «Хазардан Қазаққа дейін» атты теле-экспедиция жолға шыққан болатын.
Құрамында тарихшылар мен археологтар бар топ осы дүйсенбіде ауданымызда болып, бірқатар тарихи ескерткіштермен танысты. Экспедиция Жарсуат округіне қарасты «Қылыш қорғанды» қазып, дүйім жұртты таңғалдыратын жаңалыққа тап болды.
Жарсуат ауылынан шығысқа қарай 20 шақырымдай қашықтықта орналасқан бұл қорғандардың барын археологтар бұрындары да білгенімен, оның шынайы құпиясын анықтау мүмкін болмаған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырға жататын қорғанның биіктігі 5 метр, диаметрі 120 метр. Негізі бұл пирамида іспеттес қорған бүгінгісінен әлдеқайда биік болуы мүмкін.

Читать далее »

ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – БІРЛІК ШЕЖІРЕСІ

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде «Халық тарих толқынында» бағдарламасы қолға алынды. Оның басты мақсаттарының бірі тарихи білімнің орасан зор әлеуетін жас ұрпақты тәрбиелеуге арнау болып отыр.
Тарих ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабының өткен тарихымызды зерттеп-зерделеудегі әдістемелік маңызы туралы ойларымен бөліскен еді.

Читать далее »

СӘУЛЕШТІҢ ӨШПЕС СӘУЛЕСІ

Адамдық пен адалдықтың үлгісі болған, өзі өмір сүрген елу сегіз жылдық ғұмырында ортасына тек жақсы жағынан көрінген Сәулеш Әдияұлы (Садуақас) тірі болса, биыл 100 жасқа толар еді.
Сәуекең 1942 жылдың басында әскерге алынып, автоматшылар курсынан өтіп, бірден соғыстың алғы шебіне аттанып, майданға түседі, ұрыс қимылдарына қатысады. Соғысқа ол үшінші Украина майданы 200-ші атқыштар дивизиясы 684-ші атқыштар полкі құрамында болып, сонда ауыр жараланғаннан кейін, госпитальде үш ай емделіп, 1943 жылы елге келген. Содан кейін Бегайдар, Тұщықұдық орталау мектептерінде ұстаздығын жалғастырады.

Читать далее »

ИСАТАЙ-МАХАМБЕТ КӨТЕРІЛІСІ – намыс пен кектің ұшқыны

АРПАЛЫС ТУРАЛЫ АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ

1824 жылы 26 маусымда әкесі Нұралыұлы Бөкей ханның тағына отырған Жәңгір 1845 жылы 11 тамызда қастандықпен өлтірілгенге дейін билік басында болды. Ханға билік бергенсіп, сол арқылы қазаққа деген бостандықтың бұғауын қысқан үстіне қыса түскен орыс патшасының зымиян саясаты оларды қонысынан айырды. Еділ бойына қалаларын, Жайық бойына бекіністерін салған казак-орыстар оны иемденді. Терістік жақтағы Қамыс-Самар даласының жақсы жерін орыстың қара шекпенділері алды. Жәңгірдің өзі де ежелгі ата дәстүрін бұзды.

Читать далее »

РЕСЕЙДЕН КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ МЫЛТЫҒЫН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРАМЫЗ?

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тарих ғылымдарының докторы, «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығының директоры Зиябек Қабұлдинов Кенесары ханның басын қайтаруда ресейлік ғалымдардың көмегі керектігін айтты.

Читать далее »

КӨЗІН ТАПҚАННЫҢ КӨЛ-КӨСІР ПАЙДАСЫ БАР

Ежелден малды өңір саналатын Қызылқоға ауданында да бүгіндері атакәсіпті лайықты жалғастырып, тынымсыз еңбегінің жемісін теріп, табысқа кенеліп, шынайы бақытқа бөленіп отырған шаруашылық құрылымдары баршылық. Солардың санатында Мұқыр селолық округіндегі Алшын Омаров жетекшілік ететін «Сар-құмақ» шаруа қожалығы да бар.

Читать далее »

АҚИҚАТ АЙТЫЛУҒА ТИІС

Қазақтың айтулы арысы Халел Досмұхамедов студент кезінің өзінде-ақ тура биге тән мінез көрсете білген, ұлтжандылықпен әділдік үшін күрескен жан. Бірақ оның бұл қырлары тарих бетінде жоқ. Ол тек бертін келе айтылып жүр. Осы мәселелер тұңғыш рет «Егемен Қазақстанның» 2009 жылғы ақпанның 25-індегі санында «Жәдігер» деген тақырыппен жарияланды.

Читать далее »

ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ ҒАНА ЕМЕС, ЕЛ БАСТАҒАН ЕР ЕДІ

Ақын-жырау Жиембет Бортоғашұлы жөнінде бүгінгі көпшілік тым аз біледі. Өйткені, бүгінде мектептерде халық ауыз әдебиеті, оның тарихы жеткілікті оқытылмайды.

...Жиембет хан сарайының жырауы болғысы келмеген. Ол Атырау облысының Індір тауы маңынан Қаратау тұсына көшіп келгенмен, хан ордасына анда-санда ғана қатынап тұрған. Келген сайын Тәуекел оған ат мінгізіп, шапан жаптырған. Оның да себебі бар көрінеді. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, Тәуекелдің өзі қашқын болып жүрген кезінде жас Жиембет оның соңына еріп жүрген. Ноғайлы жерінде Тәуекелді алғаш мадақтаған да осы Жиембет жырау болған.

Читать далее »

ҚИҒАШТЫҢ БОЙЫ ҚҰТ МЕКЕН…

ШЕКАРАДА ШЕШІЛЕТІН МӘСЕЛЕ АЗ ЕМЕС

Ауыл маңынан екі елді бөліп Еділдің сағасы Қиғаш өзені ағып жатыр. Махамбет бабамыздың «Қиғаш үшін қырылдық» дегендегі Қиғашы – осы. Бұл өзеннен өту үшін әуелде паром жұмыс істеген. Бүгінде оның орнында әдемі көпір бой көтерген. Көпір маңында шекара бекеті орналасқан. Бұл жер еліміздің қазынасына қомақты үлес қосып келеді. Облыстағы ең ірі шекара өткелінен күніне ондаған мың адам, екі мыңға тарта көлік өтеді. Түрлі ұлт өкілдері, түрлі тауар ағылып жатады. Сондықтан да, әскерилерде күндіз-түні тыным жоқ.
Бүгінде шекарадан өту бұрынғыдан жеңіл, жүргіншілер көп бөгелмейді. Бірақ, қырағылық артық етпейді. Кеден маңында кептелісте тұрған шетелдік көліктерді көрдік. Көлік жүргізушілерінің бірін әңгімеге тарттық. Роман Герасименко мен Роман Паньшенко есімді жолаушылар Атырау-Астрахан тас жолымен алғаш рет өтіп тұрғандарын айтады.

Читать далее »

«ХАЗАРДАН – ҚАЗАҚҚА ДЕЙІН» тарихи экспедиция осылай деп аталды

 Кеше облыс әкімдігінің ғимараты алдындағы Бейбарыс ескерткіші жанында «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалы ұсынысымен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұлт тарихының облыс аумағындағы құндылықтарын жұртшылыққа тереңірек жеткізу мақсатында «Хазардан-Қазаққа дейін» атты жаңа экспедицияның алғашқы сапарлық рәсімі өтті.
Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия Қыстаубаева қатысты.

Читать далее »