АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Оның көз ашқандағы көргені мұнай мұнаралары, жер майын сору качалкалары, олардың басы-қасында жүрген адамдар болғандықтан ба, өзі де осы мамандықты қалады, сонымен көгеріп, биіктерден көрінді.  Қатардағы инженерден Қазақстан сынды алып елдің Премьер-министріне дейін өсті. Қайда жүрсе де еңбек адамдары, жеті қат жер астынан май суырған мұнайшыларға қызмет көрсетуді естен шығармады. Тіпті, өмірінің соңында өзі қатты ауырып,  төсек тартып жатса да қазірде аталған саланың басы-қасында жүрген шәкірттері мен сыйлас, сырлас інілерін анау Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент, Мәскеуден Атыраудағы үйіне шақырып, өзінің кейбір ой-пікірлерін айтты, ақыл-кеңестерін берді. Тапсырмаларын нақтылады. Келешекке деген үмітін арттырды, мерейлі межелер белгіледі.

Continue Reading

ӘКЕ САЛҒАН СОҚПАҚПЕН

Марқұм Өтеп Балғымбайұлы қазақ мұнайының дамуында өзіндік ізін қалдырған, талай іргелі істерді атқарған азамат еді. Оның ұлы Нұрлан да әке соқпағымен талай биікті бағындырды. Елбасы республика үшін қиын кезде үлкен сенім артып, Үкімет тізгінін де ұстатты. Мемлекет басшысының таңдауы кез келгенге түспейтіні де белгілі.

Continue Reading

«АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА»

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына – 170 жыл. Ұлы ақынның шығармашылығына арналған шаралар еліміздің әр түкпірінде өткізілуде. Атырауда да атаулы күнге орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ақынның шығармашылығын насихаттауға арналған Абай оқулары ұйымдастырылды. Бұл жолғы байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілді. Облыстық білім беру басқармасының қолдауымен Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі  ұйымдастырған байқауда он екі үміткер бақ сынады. 

Continue Reading

БОЛАШАҚҚА – БАЙЫПТЫ БАҒДАР

Оңтайлы тілдік орта қалыптастыру, қазақ тілінің қоғамды біріктіруші күш ретіндегі рөлін арттыру бүгінде Қазақстанның ішкі дамуының басымдылықтарының біріне айналып отыр. Қай жұмыс та нәтижелі болуы үшін жоспарлы жүргізілуі тиіс. Бүгінде облыстың жергілікті басқару жүйесінде мемлекеттік тіл толық көлемде қолданылып отыр. Құжат алмасу – толықтай мемлекеттік тілде.  Атырау облысы республикада алғашқылардың бірі болып, 2002 жылы іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіргенін, жергілікті басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің барлығы дерлік қазақ тілін жетік білетіндігін де айтқан жөн.

Continue Reading

БАҒДАРЛАМА КӨПКЕ ОРТАҚ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың   мемлекеттік  бағдарламасының негізінде осыдан бірер жыл бұрын «Алтын кілт» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі  балаларды ерте жастан көптілділікке үйрету» бағдарламасының жобасы дайындалған болатын. Бүлдіршіндерді қоғам талабына сай үш тілді меңгеруге үйрету мақсатында қолға алынған жобада бала тілін ойындар арқылы дамытуға, мемлекеттік тілмен қатар, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге жағдай жасауға, сөйтіп, үш тілде тәрбие беруге басымдық берілуде.

Continue Reading

МАНДОКИДЫҢ МОЛ МҰРАСЫ

Қоңыр Иштван – кемеңгер ғалым,  түркі халықтары мен мажарстанның арасындағы  алтын көпір болып, бірнеше елдің тілін, фольклорын, топонимдерін, көне түркі өнері ескерткіштерін зерттеген еді. Оның бұл еңбектерін ғылым саласына қосылған өлшеусіз үлес деп есептеуіміз керек.

Continue Reading