Руханият

«ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАН…»

Атырау мұнай және газ технологиялық  колледжінің  акт  залында   «Жастығын жалын шарпыған...» атты Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен  шығарылғанына 25 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлері Берікбай Дәулетбаев пен Құндызбай Құсайыновпен кездесу кеші болып өтті.

Читать далее »

БЕРСЕҢ, БАЛАҒА БЕР!

Республика көлемінде ұдайы ұйымдастырылып келе жатқан қайырымдылық шаралары мектеп оқушыларына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық сезімін ұялатып, сенім мен жігерге жетелейтіні сөзсіз.

Читать далее »

БАЛЗИРА – БАЛА БАҒБАНЫ

«Жақсының жақсылығын айт, көңілі тасысын» деген қанатты сөз бар қазақта. Шынымен де, жаныңда жүрген жақсылар, олардың тәуелсіз еліміздің ертеңгі жарқын болашағы үшін атқарып жүрген елеулі еңбектері туралы неге айтпасқа? Өйткені, суырылып, көкірек керіп алға ұмтылмай, өзінің қарапайымдылығымен өз ісін сүйіп, меңгерген, шеберлігінен алғыс алып, ризашылыққа бөленіп жүрген адамдар қаншама? Сондай адамдардың бірі - Атырау қаласындағы №43 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі Балзира Макиева.

Читать далее »

ЖАУЫНГЕРЛЕР ШЕРТКЕН СЫР

Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды. Осы соғысқа 22 мың қазақстандық қатынасса, олардың 761-інің өмірі осы жат жерде үзілді, ал 21 адам хабарсыз кетті. Бұл зұлматтан атыраулықтар да шет қалмады. Біздің облыстан аталған соғысқа 534 жас жігіт қатысып, 14-і оралмады. Біреуі       хабарсыз кетті.

Читать далее »

ОҚ ПЕН ОТТЫҢ АРАСЫНДА ШЫҢДАЛҒАН

Жылыой жеріне кіндік қаны тамған осы бір жан – жаратылысынан қайсар мінез дарып, өсе келе отаншылдық рух өзегіне ұялаған өмір жолы ерекше, тағдыр-талайы бөлекше тұлға. Жетпісті орталап қалса да, жасамыстығы емес, тағдырдың өкпек желі өтінде, сұрапыл жылдардың от бүріккен домнасында суғарылған құрыштай, өн бойынан жігер лебі есіп тұр. Біртүрлі батыл болмыс, тың, ширақ.

Читать далее »

ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІ ҚҰНДЫ

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толып отыр. Біреулер үшін қасіретті, біреулер үшін қастерлі естелікке толы кезеңді еске алу үшін жер-жерде жиындар, сол соғыстың ардагерлерімен кездесулер өткізіліп жатыр. Осыған орай соғыс ардагері ретінде мен де қолыма қалам алып отырмын.

Читать далее »

ЖҮРЕКТЕН ӨШПЕС БЕЙНЕСІ…

Адам туғанда өмірге төрт түрлі қасиетпен келеді екен: жақсылығы, жамандығы, ырысы, өмір жасы. Бәрі өзінікі, өзгеге өлшеп көруге де болмайды. Біреудің ғұмырын біреу сүре де алмайды. Өлшеніп берілген  өмірді қалай сүру әр адамның өз қолыңда. Алыс-жақынға қамқор болып, ешкімнің ала жібін аттамау, намысшыл болу, еңбектен абырой табу, ұрпақ өсіру  секілді азаматтық принциптерді адал атқарғанда ғана елдің есінде атың қалады. Атырау аймағындағы сондай ардақты азаматтардың бірі Сапи Кәрімов болып еді. Қызылқоға, Махамбет аудандарында қарапайым есепшіден басқарма басшысына дейінгі еңбек баспалдағынан өткен азаматтың артында бүгінде елі айта жүрер ізгі істері қалды.

Читать далее »