Руханият

ОЛ МҰНАЙДЫ, МҰНАЙ ЕЛДІ КӨТЕРДІ

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың ел өмірінде қалдырған ізі айшықты. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, т.б. ірі лауазымды қызметтерді атқарғанда ол төңірегіне талантты мамандарды жинай білді. Солардың бірі – онымен ширек ғасырға жуық бірге қызмет атқарған, «ҚМГ Салынатын кәсіпорындар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Ғалиаусат Қайырбекұлы Кешубаев. Біз жақында онымен хабарласып, ірі тұлға туралы естеліктерімен бөлісуді сұрағанбыз.

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА – БАЙЫПТЫ БАҒДАР

Оңтайлы тілдік орта қалыптастыру, қазақ тілінің қоғамды біріктіруші күш ретіндегі рөлін арттыру бүгінде Қазақстанның ішкі дамуының басымдылықтарының біріне айналып отыр. Қай жұмыс та нәтижелі болуы үшін жоспарлы жүргізілуі тиіс. Бүгінде облыстың жергілікті басқару жүйесінде мемлекеттік тіл толық көлемде қолданылып отыр. Құжат алмасу – толықтай мемлекеттік тілде.  Атырау облысы республикада алғашқылардың бірі болып, 2002 жылы іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіргенін, жергілікті басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің барлығы дерлік қазақ тілін жетік білетіндігін де айтқан жөн.

Читать далее »

АТЫРАУ СЕЙСМИКАЛЫҚ АЙМАҚҚА ЖАТА МА?

Өңірде қара алтынның өндіріліп жатқанына жүз жылдан асты. Ал, мұнай-газ кең көлемде игеріліп жатқан аймақта оның атмосфераға тигізген залалынан басқа да техногендік әрекеттердің әсері жоғары болатыны шындық. Әсіресе, жер сілкінісі. Бұл ретте Атырау жері сейсмикалық аймаққа жата ма? Оны зерттеу жұмыстары қалай жүргізілуде?  Осы сұрақтар аясында Атырау мұнай және газ институтының профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Дүйсен МЫРЗАҒАЛИЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

Читать далее »

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРІПТІ

Балық аулауға тиым салынған жерден Жайықтың байлығын заңсыз ұстауға болмайды. Бұл заңдылықты бұзған Атырау қаласының тұрғыны Амангелді селосы тұсында, Жайық өзені жағалауында қара балыққа арналған ау құралымен балық аулап тұрған кезінде ұсталды.

Читать далее »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

тәжірибесі  мол  инвесторлар  тартумен  өрістейді

Мұнайлы Атырау шаһары күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Дегенмен, ерекше қорғауға ие құстар мен жануарлары, өсімдіктері бар табиғи әсемдікке бай ерекше қорғалатын  аумағымыз бар екенін бірі білсе, бірі білмес.

Читать далее »