Руханият

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ – БАЙЫПТЫ КӨЗҚАРАС

Жуырда қаладағы «Алтын кілт» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа заманауи инновация технологияларын қолдану» атты семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің басшылары мен бас мамандары қатысты. 

Читать далее »

«АВСТРАЛИЯДА БӘРІ ЖАҚСЫ, бірақ, Қазақстанды сағынамын…»

«Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде білім алып жатқан жастарымыз аз емес. Соның бірі – индерлік Аймекен Нығыметова. Біз жақында Австралияның Брисбен қаласында оқитын жерлесімізбен әлеуметтік желі арқылы тілдестік.

Аймекен Нығыметова бүгінде Квисленд университетінде білім алуда. Болашақта биологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін өндіру маманы болып шықпақ.   

Читать далее »

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ИГІЛІКТІ ІС

Соңғы кезде мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға жиі көңіл бөлінуде. Әсіресе, олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық демеу және қолдау көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жүр.  Сондай шараның бірі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткізілді. «Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысқан аудандық, қалалық мектептердің психолог-педагогтары баланың психофизикалық даму ерекшеліктері жайында толғақты мәселелерді ортаға салды.

Читать далее »

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Ел басына күн туып, рақымсыз жау тыныш жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасаған сол бір қиын-қыстау кезеңнің ауыртпалығы арада көп жылдар өтсе де өшпек емес. Ананы жесір, баланы жетім еткен қанды соғыс талай шаңырақты ортасына түсірді. Соғыс өрті шалмаған бірде-бір отбасы болмады десек, артық айтқандық емес. Сүйегі жат жерде қалып, туған елден бір уыс топырақ бұйырмай құрбан болғандар қаншама? Тепсе темір үзгендей атпал азаматтардың мүгедек, кемтар болып оралғандарын айтсаңызшы. Уақыт шіркін өз үстемдігін жүргізгенімен, сол жылдардан жүрекке түскен сызат, жан жарасы әлі күнге жазылмай келеді.

Читать далее »

КУРСК ШАЙҚАСЫНЫҢ ЕРЖҮРЕК КУӘГЕРІ

Жуырда Елбасымыз Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездесуінде Жеңістің 70 жылдығын келесі жылы ТМД елдері аумағында салтанатпен атап өтуге дайындық жұмыстарын бастау жөніндегі өз ұсынысын айтқаны белгілі. Соған байланысты елімізде Жеңіс күніне дайындық шаралары, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер басталып кетті. Жуырда Қызылқоға ауданындағы Сағыз селосында тұратын қарт майдангердің 90 жасқа толған мерейлі күні аталып өтті. Майдангер атамыз Аралбай Жүсіпов 1924 жылы қаңтар айында Сағыз ауылдық кеңесіне қарасты «Буракөл» елді мекенінде дүниеге келген. 1935-1941 жылдары «Ақшелек» орталау мектебінде білім алады. 18 жасқа толған балаң жігіт 1942 жылы әскер қатарына алынып, Башкирия АССР-ындағы Уфа қаласында кіші командирлер дайындайтын мектепте оқып, кіші сержант атағын алады. Ал, 1943 жылы Чкаловтан Курск бағытындағы шайқасқа аттанады.

Читать далее »

ТАРЛАН

Атыраудың күй өнері, маңдайалды домбырашылары туралы сөз болса, алдымен ауызға ілінетіндердің бірі Рысбай Ғабдиев екені белгілі. Мүмкін, бұл оның өмір бойы осы өнерді жан серік етіп, мұрат тұтқаны, соған сай Үкімет тарапынан алған лайықты бағасына да байланысты емес, оның бәрі әу бастан табиғат берген дарын, жан-дүниесіндегі өнерге деген құштарлықтан болса керек. 

Читать далее »

АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ АҚИЫҒЫ

Өткен ғасырдың орталау тұсында облыс көлемінде ақындар айтысы ерекше дәуірледі. Оған жеке мұрағатымдағы мына сурет дәлел бола алады.

Айтыста айтылған сын-ескертпе, ойлы пікірлер бойынша аудандық партия комитетінің бюросы,   не атқару комитетінің мәжілістерінде мәселе қаралып, талқыланып, шаралар алынып жататын. Ауданымызда Қарабау селосының тұрғыны, абыз жырау, айтыскер ақын Дияр Жолаевтан айтыскер ақындар бата алып жүрді. Төлеубай Ысқақов, Төлеген Жаңабаев, Қабижан Сағиев, Мағзом Шүкіров, Аққожалар сахна төрінің сәні еді. Сондай ақындардың бір тобы мына суретте көрініс тапқан. Ал, осылардың ішінен елге сыйлы, беделді,  абыройлы, ақындығымен елді аузына қаратқан Леп Оразовты айрықша атар едім. Ол 1953 жылдары қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында атақты ақын Ғафу Қайырбековтермен қатар оқып, өлең өлкесінде сөз маржанын бірге терген.

Читать далее »

ҚЫРДАҒЫ МАЛШЫНЫҢ ҚАРБАЛАС СӘТІ

Бұрыннан мал бағып, шаруасын алға бастыруымен танылған Орынғали Тәженовтің еңбекқор әулеті бұл өңірге бұрыннан-ақ жақсы таныс.

Бүгінде үлкендері дүниеден өтсе де ата-анадан қалған еңбек дәстүрін жалғаған үлкен ұлы Жолғали Орынғалиұлы бастаған әулет те қаңтардың оқтын-оқтын соғатын қарлы-боранды әрі  аязды күндеріне  қарамастан бағымдарындағы малдан шығын бермеуге күш салып жатыр екен.

Читать далее »

ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ДІҢГЕГІ

мәдениет  пен  өнер  ұжымдары  жылды  қорытындылады

Мемлекеттің бет-бейнесі төл мәдениетімен бедерленеді. Елбасы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында да қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерін дамытуға бағытталған шараларды белгілеуді  алдымен атады. Бұл жалпы еліміздің мәдени саласының дамуына тыңнан серпін бергендей. Осы орайда Атырауда да іс-шаралар легі толастаған емес. Жасалған істің жөн-жосығын таразылап, сапасы мен санына есеп беру алдағы атқарылар шараларға сабақ, әрі үлгі болатындай. Облыстық мәдениет cаласына қатысты мекемелер басшылары өткен жылы атқарылған игі шараларды атап,  есеп берді.

Читать далее »