Руханият

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА: НАҚТЫ ІСТЕР КӨРІНІСІ

Жақында Атырау облысы бойынша дәстүрлі әлеуметтік маңызды жобалардың көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Ондағы басты мақсат – белсенді үкіметтік емес ұйымдардың қызметімен танысып, іс-тәжірибелерін ортаға салу. Сондай-ақ, жобаларды іске асырудың тиімді жолдарын қарастырып, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларымен танысу.

Читать далее »

ПАРАСАТ ПЕН ІЗГІЛІКТЕН ЖАРАТЫЛҒАН

Атырау өлкесі ардақтыларының бірі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Мұнай өнеркәсібінің үздігі, ғалым Ермекқали Аққалиұлы Биғалиев арамызда тірі жүрсе, бүгіндері асқаралы 60 жасқа толып, елі тойлап жатқан болар еді. Амал нешік, жарты ғасыр ғана ғұмыр кешіп, ортамыздан кеткен айтулы азаматтың пәни дүниеден бақилыққа озғанына да, міне, аттай он жыл өтіпті. Осыған орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тағылымды шара ұйымдастырылды. 

Читать далее »

«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ»

Ақтаудан  Алтайға  дейінгі  экспедиция  Атырауға  келді

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, биылғы бірінші қазанда Мемлекет басшысының Маңғыстау облысына кезекті сапары қарсаңында бір топ жас автокөліктерімен елімізді аралауға дайындалып жатқан-ды. Сөйтіп, Елбасының өзінен бата алып, жолға шыққандар кеше Атырау қаласына жетті. Оларды «Нұрсая» ықшамауданындағы «АРЕС» колледжінде облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қарсы алды.

Читать далее »

«ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ»

Көрнекті  ақын  Фариза  Оңғарсынованың рухына арналған көркемсөз  оқу  шеберлерінің  байқауы  осылай  аталды

Атырауда қазақтың көрнекті ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Халық жазушысы – Фариза Оңғарсынованың туғанына 75 жыл толуына орай ақын атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің І қалалық байқауы өтті. Байқауды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды.

Читать далее »

МЕҢДІБАЙДЫҢ МЕРЕЙЛІ ШАҒЫ

белгілі журналист М.Сүмесіновтің мерейтойы

салтанатпен атап өтілді

Есімі атыраулықтарға етене таныс, белгілі журналист, қарымды қаламгер, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Меңдібай Сүмесінов жақында 60 жасқа толды. Оны «Атырау-Ақпарат» ЖШС ұжымындағы әріптестері елеусіз  қалдырмады.

Читать далее »

СӘБИ ЖАНЫН ТҮСІНУ ОҢАЙ ЕМЕС

немесе балабақшадағы бір күн

«Елдің есінде бір жыл қалғың келсе, ас бер, он жыл қалғың келсе, тал ек, мәңгі қалғың келсе, бала тәрбиеле» деген халық даналығы бар. Бұл тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі маңызы мен мәнін айқындайды. Қиындығы мен қызығы мол мамандықтың қыр-сырын зерделеуде тілшіміз кәсібін өзгертіп, тәрбиеші кейпіне енген еді.

Читать далее »

ЖАСТА БЕРГЕН ТӘРБИЕ ЖАС ҚАЙЫҢДЫ ИГЕНДЕЙ…

Кәнігі бағбан әрбір еккен талының келешекте түп-түзу болып өсуі үшін оны көшет кезінен күтімге алады. Адам да сол сияқты. Жас шағында алған дұрыс тәрбиесі оған өмір бойы серік болады. Аласапыран шақта адастырмайды. Қазақтың «баланы жастан...» дейтіні сондықтан. Міне, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы осы мәселеге арналды.

Читать далее »

СЕРГЕЛДЕҢГЕ САЛҒАН САПАР

немесе жат ағымнан түңілгендердің жан сыры

«Мен адасыппын...» Аты-жөнін атамауды өтінген кейіпкермен арадағы әңгімеміз осылай басталды.
Дін тақырыбының өзекті мәселеге айналып отырғаны – бүгінгі күннің ащы шындығы. Тақырып төңірегіндегі сауатының төмен болуы себепті жат ағым жетегіне ерген жастардың текті бұзар теріс ағымның кесірінен өз ортасы мен ата-анасынан айнып отырған оқиғалары да ел арасында кездесіп отырғаны жасырын емес. Десек те, жауапты құрылымдардың кешенді жұмыстарының нәтижесінде райынан қайтқан жандар да жоқ емес.

Читать далее »

ОСЫ ЖҰРТ ҚОЙШЫҒҰЛДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Уақыттың өтуі өлшемге келмейтін бүгінгідей жедеғабыл кезде жанымызда жүрген жақсылар мен жайсаңдардың бағасын біліп, қадіріне жетіп жүрміз бе?! Осы сауал мені көп жағдайда ойлантып тастайды. Әдетте абырой, сенім, құрмет секілді ұлық дүниелер мынау ұшқыр заманда ұсақ тірліктің тасасында қалып жататыны тағы бар. Әлбетте, жақсыға құрмет, ерекше ілтипат көрсету, жалпы ағаға іні бола білудің өзі – үлкен өнеге, қала берді, кейінгіге үлгі. Кейде күйбең тірліктің бітпейтін жолымен жүріп, «бауырында күнде көріп жүргеннен соң, таулардың биіктігі байқалмайтынын» қайтерсіз. Осындайда бір сәтке тынымсыз тірлікті тоқтата тұрып, жанымызда жүрген жақсы жандар жайлы жалпақ жұртқа жариялағың келеді екен.

Читать далее »

АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Ақиқатында да, адам табиғаттың бір бөлшегі емес пе, оның да мөлдіреген жастық тынысымен өрнектелер нұр балауса көктемі, шаңқай түсі қыздырған жазы, дән-дәнегі пісіп жетілген күзі мен қатал боранды қысы да бар. Егер біз табиғат пен адамды осылай өзектестіріп, көз алдымызға елестетсек, сол қоңыр күздің нағыз төрінде бұл күндері толғаулы тоқсан жасқа келіп отырған Машаев Батыр зайыбы Қапиза Қабдолқызы да бар еді.

Читать далее »